Тамыздың 10-ы – Абай күні

Выпуск - №29-30 (425-426)   :   15.08.2020
560

Премьер-министр Асқар МАМИННІҢ басшылығындағы ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтыру енгізді. Тамыз айының 10-ы – Абай күні болып бекітілді.

Абай Құнанбаевтың биылғы 175 жылдық мерейтойына орай ақынның мерейін үстем етер бірқатар маңызды істер атқарылуда. Соның бірі – ақынның туған күнінің ресми мереке ретінде бекітілуі. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылдың 31 қазанындағы №689 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз», – делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Үкімет тамыз айының 10-ын «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатарына енгізу туралы ұсынысты «Ашық Үкімет» порталында қоғамдық талқылауға ұсынған еді. Ұсыныс маусым айының 26-сында жарияланып, шілденің 13-інде аяқталуы тиіс болған. Бір деректерде Абай Құнанбайұлы тамыздың 23-інде дүниеге келген делінсе, екінші деректер тамыздың 10-ында екендігін айтады. Сондытан осы уақытқа дейін Абайдың туған күніне қатысты ел пікірі екіге бөлініп келді.

Абайтанушылардың бір бөлігі Абайдың туған күні тамыздың 23-і екенін айтады. Тағы бір бөлігі тамыздың 10-ы дегенді алға тартады. Ал ЮНЕСКО көлемінде тойланған Абайдың 150 жылдығы тамыздың 10-ы болып белгіленген. Енді сол күн ресми түрде мереке ретінде бекітілді. Бұл туралы Үкімет арнайы қаулы шығарып, Заңға өзгерістер енгізген. Ол бойынша, президент Тоқаевтың бастамасымен биыл ел көлемінде аталып өтілетін Абайдың 175 жылдығы тамыздың 10-ына белгіленуі тиіс.
Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Ол әдебиеттің дамуына ған емес, сонымен бірге Қазақстан, Ресей және басқа да Еуропа елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан. Абай 1845 жылы тамыздың 10-ы күні қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Тобықты руының отбасында дүниеге келген. Шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген атты, оның анасы Ұлжан қойған. Ибраһимнің әкесінде (Құнанбайда) 4 әйел болған. Ал ақынның өзінде 3 әйелден 20 баласы болды. Алғашқы әйелі Ділдә – атақты Қазыбек бидің шөбересі. Оны сөз өнеріне ерте баулыған адам – әжесі Зере. Ол немересіне білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды. Зере ауызша баяндаудың керемет шебері болған және ертегі мен әңгімені қызықты айта білген. Сондықтан Абай әжесін қатты жақсы көретін. Көптеген шығарма жазғанына қарамастан, көзі тірісінде газеттің беттерінде бірнеше өлеңі ғана жарияланды. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңбері» атты шығармалар жинағы жарық көрді. Ол 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сондай-ақ орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіне бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жол ашты.


Жамал ШАУКЕН
 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.