Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Тарихи мұраны таныған жас ұрпақ

Выпуск - №37(733)   :   24.09.2026
312

Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Арқалық өңірлік мемлекеттік архивінің жұмыс жоспарына сәйкес «Архив және болашақ ұрпақ» жобасының тұжырымдамасы аясында ашық есік күні өтті.

Тарихи мұраны таныған жас ұрпақ (1)

Арқалық қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің 11 «А» сынып оқушылары болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар алу мақсатында Арқалық өңірлік мемлекеттік архивіне арнайы барып, архив саласының тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Ашық есік күнінің басты мақсаты – жас ұрпаққа мұрағаттың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, тарихи құжаттар мен баға жетпес мұраларды сақтау ісінің қыр-сырын таныстыру, сондай-ақ оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Тарихи мұраны таныған жас ұрпақ (2)

Тағылымға толы шара барысында оқушылар архив қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, қорларда сақталған тарихи құжаттар мен құнды материалдарды тамашалады. Сонымен қатар құжаттарды қабылдау, сақтау, жүйелеу әрі ғылыми-танымдық мақсатта пайдалану тәртібі жөнінде мағлұмат алды. Кездесу барысында жоғарғы сынып оқушылары үшін архив қызметінің құжаттарды сақтайтын орын емес, өткен мен бүгінді жалғайтын маңызды тарихи-мәдени орталық екені айтылды. Әрбір құжаттың артында белгілі бір кезеңнің шежіресі, ел тарихының бір үзігі жатқанын түсінген жастар туған өлкенің өткені мен бүгінін сабақтастыра қарауға мүмкіндік алды.

Тарихи мұраны таныған жас ұрпақ (3)

Мазмұнды кездесудің оқушылар үшін танымдық мәні зор болды. Тарихи деректермен танысу олардың тарихи санасын қалыптастырып қана қоймай, туған елі мен жеріне деген құрметі мен қызығушылығын арттыра түсті. «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы – тарихи мұраны жас ұрпаққа танытып, өткенді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және туған өлкенің тарихын терең білуге үндейтін маңызды бастама. Өйткені әрбір тарихи құжат – елдің өткенінен сыр шертетін баға жетпес мұра, ал оны сақтау – келешек алдындағы ортақ жауапкершілік.

Батырхан КАРАШИНОВ,
№10 жалпы білім беретін
мектептің кәсіптік бағдар
беруші педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.