Тарихи тұлғаға тағзым

Выпуск - №30-31 (527-528)   :   23.08.2022
660

Торғай топырағы қаншама текті ұрпақты дүниеге әкелген киелі мекен. Бұл дала Ыбрайдай кемеңгерді, Ахметтей көшбасшысын, Міржақыптай қайраткерді, Назипадай зиялыны түлеткен дархан дала.

Назипа Сегізбайқызы Құлжанова – қазақта қыздар арасында тұңғыш журналист, аудармашы, этнограф. Бір бойына осынша қабілетті тоғыстырған жерлесіміз, қазақтың қайсар қызының туғанына биыл 135 жыл. Мерейтой қарсаңында Арқалық қаласында жыл басынан бері іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді. Сол шаралардың қорытындысы ретінде қазақ ұлтына еңбегі сіңген қайраткердің бюстін орнату қолға алынды.

Бюст «Тұлғалар мен оқиғалардағы мәдениет тарихы» арнайы жобасы бойынша жүзеге асырылуда. Оны «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тапсырысымен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Ол үшін жұмысшы топ жасақталып, сәуір-мамыр айларында жұмыс жоспары құрылды.

Жұмыс және медиа жоспары жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес жасалды. Бюсттің эскизі жасалып, өлшемдері (биіктігі, ені, көлемі) талқыланып бекітілді. Орнатылатын жері анықталды және бюстті жасау ісін Амангелді ауданынан «Аяла Асқар» ЖК Нұрбаев Жасұлан Асқарұлы және мүсінші Қожабеков Есенжол Таңатқанұлымен келісімшарт жасалды. Артынша Бюсттің нобайы талқыланып, құрылыс материалдарының сапасы мен қолжетімділігі, төзімділігі ескерілді.

Ескерткіш суға төзімді, керамикалық саз балшықтан әзірленіп, сыртқы қабаты жылтыр сырмен сырланатындығы талқыланды. Тұғыры мен іргетасы қызыл кірпіштен өріліп, сырты жылтыр қыш, құрылыс материалымен қапталады. Ескерткіштің жалпы өлшеміне келер болсақ, биіктігі – 1,30 см, ал ені – 80 см. Тұғырының биіктігі – 1,80 см, ені – 1 м. Ал іргетасының биіктігі – 0,45 м, ені – 1,85 см. Бүгінде жоба бойынша жұмыстың 90 пайызы орындалды. Енді бюстті әкеліп, орнату жұмысы күтілуде. Шараның ашылу салтанаты тамыз айының аяғына жоспарланып отыр.

Көрнекті ағартушы Нәзипа Құлжанованың бюстін орнату – ағартушының ұлт алдында жасаған еңбегіне деген ұрпағының, ұлтының құрметі, тарих алдында орын алған әділдік деп білеміз.


Гүлхашима ОРАЗОВА,
Арқалық қалалық
тілдерді оқыту орталығы
директорының міндетін
атқарушы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.