...Автобусқа мініп алып, қала тұрғандары мен қонақтары сапар жасады. Әсем әуеннің ырғағымен, экскурсия жетекшісінің тарихи деректерін тыңдап, замандастарымыз көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.
Биыл сүйікті қаламыз Қостанайға – 143 жыл. Қала күнін мерекелеу тамыз айының басынан басталып-ақ кетті. Мәдени шаралар 5-6 басталып, 12-13-іне дейін жалғасты. Бұл күндері облыс орталығын аудандар мен қалалардың шығармашылық ұжымдары туған күнімен құттықтады. Концерттер үш алаңда ұйымдастырылды: қала орталығы, Жастар сарайының алдындағы алаң және Гашек көшесіндегі жағалау. Ал демалыс күндері, нақтылар болсақ, тамыз айының 5-і мен 6-сы, 12-сі мен 13-і күндері Қостанай көшелерімен қос қабатты екі экскурсиялық автобус қатынады.
«Менің қаламның тарихы» тақырыбындағы экскурсияға қатысуға ниет білдірген жандарды мерекелік жапсырмалармен, шарлармен безендірілген автобустар сағат 17.00-ден 17.45-ке дейін қалалық прокуратураның ғимаратының қасында күтті. Жолаушыларға облыс орталығының тарихы, онымен байланысты фактілер туралы баяндайтын гидтер жұмыс істеді. Сондай-ақ жол ақысының тегін болғанын айта кеткен жөн. Қала тарихынан сыр шерткен автобусқа мінемін деушілер көп болды. Оны тоқтаған алғашқы он минуттында-ақ лық толған автобустардан білуге болады. Сөйтіп қала орталығынан екі экскурсиялық автобус қарама-қарсы жаққа бағыт алды. Біреуі Жастар сарайына, ал екіншісі Гашека көшесінің бойындағы жағалау жаққа жүріп кетті. Біз алғашқысына отырдық.
– Қостанай қаласының 143 жылдығына орай қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы ұйымдастырылып отырған экскурсиялық автобуста гид қызметін атқару бұйырыпты. Экскурсия барысында қала қонақтары мен тұрғындарын тарихи және заманауи мәдени нысандарымен таныстыра отырып, тың деректерді келтіріп, артынша айтылған деректерге қатысты викториналар ұйымдастырдық. Жалпы бұл бастамаға біздің тарихи-өлкетану музейінен 4 адам жұмылдырылды. Екі екіден бөліндік: мен әріптесім Палаева Валентинамен бірге, ал Айбике Қазыбаева және Евгения Николенко келесі бағыттағы автобуста. Біреуіміз қазақ тілінде, ал екіншіміз орыс тілінде тарихи деректерді қарапайым тілде, әңгімелеп жеткізуге тырыстық, – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Жанерке Ахмет.
Автобуста гидтердің тарихи оқиғалармен бөлісуінен бөлек, екінші қабатта арнайы экран қойылды. Онда қаланың өткені мен бүгінін жалғаған бейнефильм мен тарихи фотосуреттер көрсетілді. Бұл бастама қала тұрғындарының көңілінен шыққаны рас. Экскурсиялық автобустар шықты дегенді естіген бойда келгісі келген жандар аз болмады. Көбісінің айтуынша, соңғы күні 13-і болғасын, келе алмай жүрген жандардың көбісі жаңашылдықты көріп қалуға тырысқан.
– Қала қонақтарына арнайы ұйымдастырылған экскурсиялық автобус көңілімнен шықты. Баламды қыдыртуға шыққан едім. Тарих жөнінде, қаланың құрылуы мен даму жолына қатысты ақпараттарды білуге ықпал еткен өте пайдалы әрі қызыққа толы дүние болды. Ұлым естігелі бері осы автобусқа мініп, қала көшелерінің бойымен сапар жасағысы келген еді. Енді, міне, соңғы күні үлгеріп қалдық. Концерт көреміз деп шыққан едік. Тілегеніміз алдымыздын іздемей-ақ, өзі табылды. Ең бастысы, ұлымның қуанышында шек жоқ. Тағылымға толы шараның ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін, – дейді №16 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мархабат Ибраева.
Автобус жүргізушісі Петр Петрович
Қаламыздың тұрғындарынан бөлек шетелден келген қонақтар да экскурсиялық автобуспен қаланы аралап қайтты. Ресейдің Волков жерінен келген қонақтың бірі – 4-сынып оқушысы София Бабикова.
– Жазғы демалыс уақытында інім екеуміз әжемізге, Қостанай қаласына, қонаққа келдік. Мектеп басталар алдындағы демалысымның көп бөлігі осында өтуде. Соңғы рет Қостанайда үш жыл бұрын болған едім. Қала өзгерген. Бұрынғыдан әдемі деуге болады, дегенмен үш жыл бұрынғы қалады гүлдер көп болатын. Айналаның бәрі гүлмен көмкерілгендей. Бұл жолы да қала жылы қарсы алды. Күн ыстық болғанына қарамастан маған бұл сапар қатты ұнады. Қаланың тарихына қатысты ақпараттарды білдім, – дейді София.
Бастысы, балалар риза. Автобуспен сапар жасап келген жандар экскурсия жүргізушілері мен автобус жүргізушілеріне алғыс білдіруде. Енді, қала күніне арналған негізгі шаралар тамыз айының аяғында, 19-20 күндері өткізіледі деп жоспарлануда. Қала тұрғындары мен қонақтары танымал жүлдыздардың концерті мен мерекелік отшашуды күтуде.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.