Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
20/09/26 Воскресенье

Татулық тірегі, ел қазынасы

Выпуск - №36(633)   :   20.09.2024
298

Әрине, көп тіл білгеннің артықшылығы көп. Ең бастысы, қай елге барсаң да, сол елдің мемлекеттік тілін біліп, түсіне білсең – тұрғындармен еркін коммуникация құрып, кез келген ортада «өз адамы» болу мүмкіндігі бар.

Біздің еліміз – көпұлтты, зайырлы мемлекет. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз ел болғалы, еліміз қазақ тілін дамытуға өте көп мүмкіндіктер жасауда. Еліміздің әр өңірінен тілдерді оқыту орталықтары ашылып, тегін оқыту курстары ұйымдастырылған. Кез келген Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді еш қиындықсыз үйрене алады, шынайы ықылас танытса болғаны. Сондай тіл орталықтарының бірі – Бейімбет Майлин ауданындағы тілдерді оқыту орталығы.
Аталған мекемеде мемлекеттік тілді көркейту мен қолданыс аясын кеңейту аясында жүйелі жұмыстар, атап өтер болсақ: тілді үйрету сабақтары мен көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Тілді үйренуге ниет білдірушлердің саны да аз емес. Осындай іс-шаралардың бірі – Қазақстан халықтарының тілдері күніне арнап ұйымдастырылған апталық. Апталық бес жұмыс күнін қамтыды. Алғашқы күні ашылу салтанаты өтіп, мемлекеттік тілді үйренушілер арасында «Тіл – татулық тірегі» атты челленджбен жалғасты.
Апталықтың екінші күні ұлт ұстазының мұрасын насихаттау мақсатында «Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің жұмысы әлеуметтік желіге орналастырылып, көрермен назарына ұсынылды. Әрмен қарай мемлекеттік тілді үйренушілер арасында «Тіл – халық қазынасы» атты зияткерлік ойын өтті. Ойын барысында тыңдаушылар өздерінің тілді меңгерудегі қарым-қабілеттерін толық көрсете алды. Мемлекеттік тілде берілген тапсырмаларды ыждаһаттықпен орындап, белсене қатысты.
Аталмыш апталықтың жұмысы қыркүйектің 4-і күні өткізілген «Ахмет оқулары» аудандық байқауымен толықты. Байқауға аудандық мәдениет үйі, өлкетану мұражайы, өрт сөндіру бекеті, жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады. Сайыс үш кезеңде өтті: «Таныстыру», «Қырық мысал» және «Интервью». Сайыскерлер таныстыруда түрлі амалдарды қолданса, «Қырық мысал» кезеңінде Ахмет өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқыды. Шешуші кезеңде қатысушыларға жеребе тасталып, жұптастырылды. Әрбір жұпқа әртүрлі сурет ұсынылып, олар сурет желісі бойынша сұхбат өткізді.
Сайыстың тартысты болғаны соншалық, қатысушылар шексіз белсенділік танытты. Сонымен бірге, байқау кезеңдерінің арасында тіл жаттықтыру тренингтері мен көңілді үзілістер жасалды. Байқаудың қорытындысы бойынша Лаззат Ергасимова ІІІ орынға, Дулат Әлім ІІ орынға, ал Ақерке Асқарова І орынға ие болды. Жүлдегерлер мен сайысқа қатысушыларға грамоталар мен Алғыс хаттар беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Апталықтың соңғы күні мемлекеттік тіл оқытушылары мен әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Тіл – білімнің кілті» атты әдеби кешпен жалғасын тапты.
Кештің негізі ұлт ұстазының ұрпаққа үлгі етіп қалдырған мұрасына бағытталды. Ұжымның қызметкерлері мен тіл мамандарына тілді оқытудың тиімді тұстары ұсынылып, бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ, апталықтың қорытынды есебі жасалды. Әдеби кештің соңында Бейімбет Майлин ауданындағы тілдерді оқыту орталығы басшысының м.а. Г.Қалдыгереевна мемлекеттік тілді көркейтудегі қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, апталықты ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларға алғысын білдірді.
Тіл – қай елде де үлкен маңызға ие құндылық. Ал, тілді дамыту, оның кемшілігін жойып, жақсылығын асыру – сол ел азаматтарының, яғни біздің қолымызда.

Б.Майлин ауданындағы
тілдерді оқыту орталығы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!