«Ассамблея жастары» ҚБ Қостанай облысындағы мүшелері Тәуелсіздік күні қарсаңында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің «Smart-орталығында» «Менің жетістігім – Тәуелсіздігімнің жетістігі» атты патриоттық жастар форумын өткізді.
Кездесу өңірдің студенттері мен жас мамандарын жинап, жастардың тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуына қосқан үлесін талқылады. Көпшіліктің алдында өз қызметінде белгілі бір жетістіктерге жеткен жастардың өкілдері сөз сөйледі. Astana Hub өңірлік менеджері Дамир Мнайдаров стартаптар мен инновациялық жобаларды дамыту мүмкіндіктерімен бөлісіп өтсе, ҚХА мүшесі Екатерина Гедзур аймақтың әлеуметтік-саяси өміріндегі жастар ұйымдарының рөлі туралы баяндап берді. Ал, полиция капитаны, «Мамандық үздігі» республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Данагүл Кәрімова құқық қорғау органдарындағы қызметімен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кәсібиліктің маңызы туралы айтып берді.
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрайымы Аружан Сәрсенбаева жастар саясатының және жастардың қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуының маңызды мәселелерін қозғады. Келесі болып сөз алған жастардың бірі «Қостанай облысының ресурстық орталығы» волонтерлік секторының үйлестірушісі Юрий Вагин волонтерлік қызмет тәжірибесімен және оның қоғамдық санаға беретін әсерімен бөлісті.
– Форум аясында өткеніміз бен қазіргі заман арасындағы сабақтастықты айқындап көрсетуді жөн санадық. Тәуелсіздікке жету жолында алғашқы қадам жасап, ел үшін аянбай еңбек еткен жандарды еске алып, құрмет көрсеттік. Әрине, тарихымызды біліп, құрметтеу қажет. Бұл – біріншіден. Екіншіден, форумның тағы бір маңызды мақсаты – тәуелсіздіктің жас батырларын насихаттау, – дейді «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысындағы жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Руслан Мурзагалиев. – Бұл жастар ісі мен қызметі арқылы көпке үлгі болып, ел игілігі жолында еңбек етуде. Қазақстан мен Қостанай облысының беделін арттыруға үлес қосып жүрген осындай азаматтар – сөзімнің айқын дәлелі.
Форум соңында спикерлерге жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Форум жастар арасында тәжірибе алмасу және патриоттық рухты нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Дарья ШЕРБАКОВА,
Қазақтан халқы Ассамблеясының
Қостанай облысы бойынша баспасөз хатшысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.