Тәуелсіздіктің 30 жылды аясында Рудный қаласының Полиция басқармасында «Мемлекеттік тіл айлығын» ұйымдастырдық. Басты мақсат – «Тәуелсіздік» ұғымын және мемлекеттік тілдің тұғырын дәріптей отырып, полиция қызметкерлерінің арасындағы үздіктерді анықтау.
Қазанның 18-і мен қарашаның 18-і аралығындағы айлық барысында Қазтест жүйесі бойынша тестілеу, яғни полиция қызметкерлері В1 (орта деңгей) бағдарламасы бойынша өз тілдік білімдерін сынға салды. «Туған жерді аңсау» тақырыбы бойынша диктант жұмысы жүргізіліп, айлықтың бұл кезеңінде тілдік сауаттылықты жоғары деңгейде меңгерген қызметкерлер анықталды. Одан бөлек көптің жадында қалған «Тіл сақшылары» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Айталық барысында үш адамнан құралған үш топ сайыстың әр кезеңінде өздерінің тарих, география, салт-дәстүр, мәдениет, өнер, логика әлемінен білім деңгейлері жоғары екендіктерін көрсете білді. Берілген тақырыпты мүдірмей, сөздік қорымен қорғап шығу сынағында намысты қолдан бермеген қызметкерлер көз қуантты. Әрине, айлықтың бұл іс-шарасы қазылар алқасымен жүзеге асырылды. Қазылығын жүргізіп, топтарды әділ сынаған кеш қонақтары: «Бақыт біздің бойымызда» ҚҚ мүшесі Л.Капанова, Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК оқытушысы Н.Мунбаева және ПБ КС бөлімінің инспектор психологы Б.Тышбаева.
Ал «Тәуелсіздік тілі» көркемсөз оқу сайысы барысында байқау қатысушылары қазақтың белгілі ақындарының патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқулары керек болды. Көркем мәтінді оқу шеберлігі, дауыс мәнері және тіл тазалығы, бейнематериалдың эстетикалығы сынды критерийлер негізге алынған бұл онлайн-сайыста да «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, полиция қызметкерлерінің өнер жолында құр алақан емес екендіктерін көре білдік.
«Мемлекеттік тіл айлығының» қорытындысын сараптау, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау мақсатында қараша айының 24-і күні «Тәуелсіздікке 30 тарту» атты қорытынды салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылды. Әр кезеңнің жеңімпаздарын құттықтау үшін кеш қонақтары мадақтама және сыйлықтарды табыстап, «Нұр Отан» партиясының Рудный қаласындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Искаков, қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина, тіл жанашыры Мухан Ноғаев, Полиция басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қадыров ізгі тілектерін білдірді.
Сындарлы сайыста сынуды білмеген, жеңісті ту еткен полиция қызметкерлерінің бірқатарын атап кеткенді жөн көрдік. Олар: Думан Нурекин, Ербол Сейтмағамбетов, Нұрболат Қами, Әділ Ілияс, Тілек Бержан, Шахнада Жиеншенова, Фархад Бірман. Өз ісінің маманы болып қана қоймай, мемлекеттік тілдің тұғырын жоғары көтеріп жүрген Полиция сақшыларына ризашылығымызды білдіреміз. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз. Тілдің туы, елдің туы көкте мәңгілікке желбірей бергей!
Жанерке ТАТЕНОВА,
Рудный қалалық тілдерді оқыту
орталығының мұғалімі
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.