Тәуелсіздіктің айрықша белгісі – ұлттық валюта

Выпуск - №46(643)   :   22.11.2024
314

Жыл сайын елімізде қарашаның 15-інде ұлттық валютамыз – Теңге күні атап өтіледі. Мерекеге орай, облысымыздың түкпір-түкпірінде теңгенің тарихы мен маңызы туралы ақпараттар беріліп, ұлттық валютамызды құрметтеуге бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді.

image


Айсары жалпы білім беретін мектебіндегі кітапхананың меңгерушісі Мейрамкүл Көшек пен Айсары ауылдық кітапханасының меңгерушісі Айгүл Абилеваның ұйытқы болуымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында 6-сынып оқушыларының қатысуымен Теңге күніне арналған мереке өтті. Ұлттық валютамыздың шығу тарихы жайында қажетті мәліметтер беріліп, тағылымы мол іскерлік ойын ұйымдастырылды.
Екі кезеңнен тұрған ойын барысында оқушылар екі топқа бөлініп, қызықты әрі қызғылықты топтық сайыс орын алды. Іс-шара барысында теңге түрлерінен үлкен көрме ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде оқушылардың білімін шыңдай отырып, тексеруге бағытталған қызықты сұрақтар қойылды. Ал, екінші кезеңде қатысушылар мозайка құрастыру арқылы әрбір елдің ақшаларын суреттерімен сәйкестендіре отырып, жауап берді. Берілген тапсырмаларды орындаған оқушылар теңгемен бағаланып отырды.
Барлық оқушылар қызыға қатысып, білгендерін де айтып жатты. Тапқырлықпен көзге түсіп, ерекше танылған оқушылардың қатарында Нұрила Мұратбекқызы, Дархан Әлім, Диас Девиченко, Мәди Балғабай, Інжу Оразбаеваны атап өтуге болады. Өздерінің жинаған теңге санына қарай ең белсенді деген оқушыларға мадақтамалар мен барлық оқушыларға тәттілер табысталды. Сайыс соңында мектеп директоры Назгуль Алимова мектеп әкімшілігі атынан сайысты ұйымдастырған мектеп кітапханасының меңгерушісі Мейрамкүл Көшек пен ауылдық кітапхананың меңгерушісі Айгүл Абилеваға алғыс білдіріп өтті.

Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

image

Теңгеге деген құрмет бүгінде түрлі іс-шаралар арқылы көрініс табады. Қостанай қаласындағы Абай атындағы ЖББМ 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Теңге – тәуелсіздік тұмары» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларға теңге сөзінің, валютамыздың тарихы таныстырылды. Жаңа валюта айналысқа енгізілмей тұрып, атауына қатысты бірқатар ұсыныстар болған. «Алтын», «сом» атаулары ұсынылып, кейін жаңа ақшаны «теңге» деп атау туралы шешім қабылданды. «Теңге» сөзі бастауын орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің күміс ақшасы «денге», «таңғадан» алады. Осы сөз орыстың «деньги» сөзіне де арқау болғанын айта кету керек. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық валютаның тарихы туралы бейнесюжет көрсетіліп, «Теңге туралы қызықты мәліметтер», «Теңге қалай пайда болды», «Теңге тарихы» атауларымен мәліметтер ұсынылды. QR-код арқылы осы мәліметтермен танысқан соң оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.
Жалпы ұлттық валютамыз бен ақша айналымының бастауы ерте замандарға жатады. Теңге – еліміздегі алғашқы ақша емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7–8-ғасырларда ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Орта ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес, салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларындағы саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Сондай-ақ, Сарайшық қаласынан табылған XIII-XVI ғасырларға жататын дирхемдер дәлел. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы, міне, осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін, Қазақстан тәуелсіздігін алып, ұлттық валютасын бекіткенге дейін жалғасты.
Бұл тақырып әлі толық зерттелген жоқ. Десек те, қазіргі таңда қазақ теңгесі, яғни ұлттық нумизматикамызға қатысты жәдігерлер Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музей қорында сақтаулы тұр. Атап айтқанда, қорық музейдің нумизматикалық теңгелер тобында 13 мың 583 дана жәдігер болса, олардың 7695-і негізгі қор есебіне, 5888-і көмекші қор есебіне алынған екен. Осы орайда, X-XIII ғасырларда қазақ даласында соғылып, орта ғасырлық сауда-саттық ісіне пайдаланылған теңгелер жайлы оқушыларға қызықты ақпараттар берілді.

Айгуль МИНАСОВА,
Абай атындағы ЖББМ
тарих пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

image

А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 1 «Г» сыныбында «Теңге – тәулесіздік келбеті» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Бұндағы мақсатым – оқушыларға ұлттық валютамыздың тарихын, оның экономикадағы рөлін түсіндіру және патриоттық сезімдерін арттыру. Мұндай тәрбие сағаты оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайтады.
Еліміздің егемендігін айшықтайтын маңызды нышандардың бірі – ұлттық валютамыз. 1993 жылдың қараша айының 15-інде ұлттық валютамыз айналымға енгізіліп, еліміз экономикалық дербестікке қадам басты. Сол күннен бастап теңге тәуелсіздіктің жарқын символына айналды. Ұлттық валютамыз туралы өткізілген тәрбие сағаты өзекті және маңызды ақпараттарға толы болды. Тәрбие сағатында оқушыларға тәуелсіздік туралы қысқаша мәлімет бере отырып, теңгенің тарихы мен маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ, оларды қаржылық сауаттылыққа баулу мақсатында теңге туралы толық ақпарат берілді.
«Теңге – тәуелсіздік келбеті» атты тәрбие сағаты арқылы жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, ел экономикасына үлес қосуға ынталандырдым. Әр қазақстандық үшін ұлттық валюта – тек төлем құралы емес, сонымен қатар елдің тарихын, мәдениетін, болашағын айқындайтын басты құндылық.
 

Гүлнұр ШАЙКАМАЛОВА,
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі,
Арқалық қаласы

image

Ата-аналардың көпшілігі балалардың ақшаның құнын білмейтіндігін, әрдайым сыйлықтар күтетінін, жаңа ойыншықтарға мұқият қарамайтынын айтады. Олар бұл мәселелерді шешу ісіне көмек іздейтіндігіне назар аударады. Сондықтан да, балабақшада ойын арқылы қаржылық сауаттылықты қалыптастыру бойынша мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.
«Радуга» тобының балалары «Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойынын ойнап, «Сатушы» және «Сатып алушы» мамандықтарымен танысты. Ойын арқылы балалар ұлттық валюта – теңгемен ғана емес, тауар-ақша қатынасы туралы қарапайым түсініктермен танысты. Сондай-ақ, балаларда диалогтық сөйлеу, ойлау, ізденімпаздық және қиялы дамыды.
 

Любовь БИКЖАНОВА,
№2 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4