Тазалық – тіршілік кепілі

Выпуск - №24(672)   :   04.07.2025
609

1

«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Рудный қаласындағы «Достық» паркінде Мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты паркке серуен өтті.

Қоғамда экологиялық сана-сезімді қалыптастырып, қоршаған ортаны таза ұстау, сонымен қоса ортақ жауапкершілікті арттыру және әр азаматтың туған жерінің көркеюіне үлес қосуға үндеу мақсатын көздеген іс-шараға «ETHNO LIFE» жазғы сауықтыру демалыс орнының оқушылары қатысты.

2


Табиғат – бізді қоршаған әсем әлем. Ол – көк аспан, шуақты күн, сыбдырлаған жапырақтар, мөлдір өзен, әсем гүлдер мен ну орман және ондағы жануарлар әлемі. Табиғат адамға таза ауа, тұщы су, қоректік тағам сыйлайды. Ағаштар мен бақтар көлеңке береді, құстардың әуезді үні көңіл-күйімізді көтереді. Сондықтан табиғатты аялау, оны қорғау – әрбір адамның парызы екені балаларға түсіндіріліп, кең көлемде мәлімет берілді.
Іс-шара барысында балалар табиғат аясында кітап оқып, ән шырқап, таза ауада серуендей жүріп, табиғат көріністерін қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар «Қызыл табан», «Кім тапқыр?» сияқты қызықты ойындар ойнатылып, жұмбақтар мен викториналық сұрақтар қойылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы көрмеге шолу жасады. Белсенділік танытқан балаларға кішігірім сыйлықтар тарту етіліп, өнегелі іс-шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Айнаш АБЕНОВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың кітапханашысы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.