Текті әулеттің тұяғы Сағымбай Қозыбаев

Выпуск - №38 (384)   :   11.10.2019
513

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да Қазақстан Журналистикасы академиясының президенті, тарих ғылымының докторы, профессор, жарты ғасырға жуық бірнеше ұрпақты журналистикаға тәрбиелеген ұстаз Сағымбай Қозыбаевтың «Журналистиканың жүйрігі» атты шығармашылық кеші өтті. Биыл ағамыз 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Шығармашылық кеш «Ұлы даланың жеті қыры»: қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» атты екі күнге созылған ауқымды халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылды. Алқалы жиынға республикаға аты мәшһүр жергілікті қаламгерлер Нағашыбай Мұқатов, Серікбай Оспанов, Ғұмар Ахметчин, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, өңірлік басылым редакторлары Жанұзақ Аязбеков пен Сергей Харченко арнайы қатысып, мерейтой иесіне ізгі лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, Ахаң атындағы қара шаңырақтың Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының оқытушылары мен студенттері де қызығушылық танытып, шығармашылық кештің көрермендері болды. Қазақстан журналистері энциклопедиясын түзген ғалым осы уақытқа дейін көптеген публицистикалық очерктерді, ғылыми мақалаларды өмірге әкелді. Бүгінде жазған еңбектерінің жалпы саны 54-ті құрап отыр.

Қазақстанның әрбір азаматына аты мәлім Манаш Қозыбаев пен Оразалы Қозыбаевтардың текті әулетінің ұрпағы Сағымбай ағамыз шындықты бетке айтатын туралығымен ерекшеленеді. Кеш өзінің орындауында мағынасы терең шығармалырын, оның ішінде «Обычный человек» эссесін оқумен басталды. Тағылымға толы жиын барысында өзекті мәселелердің басы қозғалып, Сағымбай Қабашұлының өткір пікірлеріне де қанық болдық. Отбасы, шәкірттері жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, шығармашылығынан сыр шерткен Сағымбай ағамызға мәдениет басқармасы тарапынан шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Халық арасында кеңінен тарап кеткен «Если пусто в мозгу, не поможет и КазГУ» атты әзіл-шындығы аралас сөздің авторы да осы Сағымбай Қозыбаев екендігі көпшілікке мәлім. Мерейтой иесінің шығармашылық кешінен рухани мұраға қанық болып шыққан жұртшылық журналистиканың мэтрымен кездесудің мүмкіндігі туғанына риза екендіктерін жеткізді. Жиын соңында Сағымбай ағамыз ілтипатпен жиналған қауымға, замандастарына алғысын білдіріп, сарқылмас денсаулық пен баянды бақыт тіледі.

Жамал ШАУКЕН,

суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.