Осындай атаумен қаламыздағы «Дорожный» кітапхана-филиалы Тіл мерекесіне сәйкес тақырыптық сөре ұйымдастырды. «Тіл» ұғымы қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құрметті саналады емес пе.

Адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі – ана тілі. Ол жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасады.
«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы», – деген еді Елбасы Н.Назарбаев. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалған таусылмас қазына. Ана тіліміздің қадір-қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Бабадан ұрпаққа аманат болған ана тілін көздің қарашығындай қорғап, оның тазалығына мəн беруіміз керек. Орыстың ұлы жазушыларының бірі К.Г. Паустовский: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жəндік», – деген болатын. Сондықтан да ана тіліне қорған болу əрқайсымыздың қастерлі борышымыз.
Сондықтан да Тіл мерекесіне орай тақырыптық сөрені ұйымдастыру арқылы кітапханашылар «Гаи» шағын ауданы тұрғындарының ана тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатын көздеді. Кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарына көптеген кітаптар көрсетіп, қызықты мағлұматтар берді. Шара соңында барлық тұрғындарды «Дорожный» кітапхана-филиалына кітап, журналдар алып оқуға шақырды.
Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Дорожный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.