Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан МЕНДЕКИНОВАНЫҢ қатысуымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» тақырыбындағы брифинг онлайн форматта өткізілді.
Жыл сайын тіл саласын дамытуға жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлініп тұрады. Мәселен соңғы үш жылдың ішінде 723 млн теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Аталған сомма азаматтарға тілдерді оқытуға, мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға арналған іс-шараларын өткізуге бағытталған. Бөлінетін қаражат көлемі 11%-ға артып, биыл 298 млн теңгені құрап отыр. Тілдерді дамыту басқармасы басшысының мәлімдеуінше, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыста жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі артып келеді.
– Екі жыл бұрын мемлекеттік тілді меңгергендер көрсеткіші 67%-ды құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 70%-ға дейін жетті. Сонымен қатар Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген үш тілді меңгерген тұрғындардың үлес салмағы артып келеді. Облыста қызмет етіп отырған 20 тілдерді оқыту орталығының базасында соңғы үш жылда мемлекеттік тілді 18 мыңнан астам адам, ағылшын тілін 5 мыңнан астам адам, ана тілдерін 437 адам оқыды. Бұл іс-шаралар Тілдерді оқыту аудан орталықтарымен қатар ауылдық округтерде де ұйымдастырылды. Өткен жылы 70 ауылдық округте қазақ тілін 1767 адам, ағылшын тілін 114 адам меңгеріп шықты, – деп атап өтті Гүлжан Ермашқызы.
Жалпы облыс көлемінде 2017-2019 жылдар аралығында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» арнайы жобасы шеңберінде 8 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 429 мың адам қамтылыпты. Ономастика саласында да бірталай өзгерістер орын алып жатқандығын атап өткен ләзім. Соңғы үш жылдың ішінде 13 әлеуметтік-мәдени нысан, 7 ауылдық округ, 7 ауыл, 105 көше қайта аталды. ҚР Президентінің 2019 жылғы маусымның 24-індегі №29 Жарлығымен Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып, ал 2020 жылғы қаңтардың 2-сіндегі №235 Жарлығымен Затобол кенті Тобыл деп қайта аталғандығын атап өткен жөн. Бұл күндері елімізде Ұлттық санаққа дайындық жұмыстары жүріп жатқандықтан, барлық ономастикалық жұмыстар уақытша тоқтатылды.
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.