«Западный» кітапхана-филиалының қызметкері «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты және №18 мектеп-гимназия оқушыларымен бірге «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайыс сағатын өткізді.
Іс-шараға арнайы шақырылған профессор, философия ғылымдарының кандидаты Шаукенов Жангелді Әрсенұлы тіл тарихына тоқталып, Қазақстан халқы тілдер мерекесінің 5 қыркүйекке белгіленуінің маңыздылығын түсіндірді. Сәкен Сейфуллиннің: «Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді», – деген бағасын келтіре отырып, қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күні бұл мерекемен тұспа-тұс келетінін атап өтті.
Жиында «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған Алаш арысының өнегеге толы жолы туралы тағылымды әңгіме өрбіді. Шарада оқушылар арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Сайыс «Бәйге», «Полиглот», «Ғажайып алаң», «Жорға» атты төрт кезеңнен тұрды. Онда оқушыларға қазақ және ағылшын тілдері, тарих, география, сондай-ақ мәдениет пен спорт салалары бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылар ойынға белсене қатысып, өздерінің терең білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Ал іс-шара соңында «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» атты кітап сөресіне шолу жасалды.
Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.