Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
14/09/26 Понедельник

Тілдің тұғыры – ұлттың тұтастығы

Выпуск - №34(682)   :   12.09.2025
583

1

Қостанай облысы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттың ұлы тұлғалары – тілдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті.

2

Мемлекеттік тілдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар мен азаматшалар осы күні ерекше құрметке ие болды. Олар – ұлттың рухани тірегін көтеруге, тілдің мәртебесін арттыруға еңбек етіп жүрген шынайы үлгі болар тұлғалар. Өнегелі жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен тіл майталмандары – Бимагамбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы, Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен Танатбаев Айбек Мырзағалиұлы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен Сүйіндікова Қамар Мырзахметқызы, Нұржанова Сайран Тұрсынбаевна марапатталды.

3


Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатына Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» директорының м.а. Ізімғалиева Жансәуле Жанәбілқызы, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының бағдарламашысы Мендекинов Ерлан Әдиұлы, Ұзынкөл ауданындағы «Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы әрі әдіскер Кожанова Рауза Курмашевна, Бейімбет Майлин ауданындағы тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілі оқытушысы Горн Кристина Сергеевна және Қарабалық ауданы тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мұғалімі Мансариева Ұлжалғас Иманбайқызы ие болды.

4


Ал Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облысы филиалының төрағасы Заңғар Санай «Тіл жанашыры» номинациясын ҚР Білім беру ісінің үздігі, Білім беру саласының құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин» және «Үздік педагог» төсбелгілерінің иегері Сүйінкина Биалаш Балтақызына, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Мендекинова Гүлжан Ермашқызына, сонымен қатар 6697 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімшесі бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) аға көмекшісі, майоры Ибрагимова Жанар Нұрқанқызына табыс етіп, құрметке бөледі.

5


Рухани кеште мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар да марапатталды. Мәселен, «Ұлт рухының жанашыры» номинациясына Жаңбыршы Тұқатұлы Тлеуғабылов, «Әлем әдебиеті – қазақ тілінде» аталымына Абылай Фазылханұлы Маудан, «Ұлттық экран – ұлт үні» номинациясына Анель Витальевна Пимичева, «Абай – дана, Абай дара қазақта» аталымына Асқарқызы Нұрикамал, «Қазақ тілін жүрекпен үйренген» номинациясына Кэтрин Майер ие болды. Театр, музыка, би өнері тоғысқан мазмұнды бағдарлама да көпшіліктің көңілінен шықты. Ұлы тұлғалардың сөзі мен өнегесі – бүгінгі ұрпаққа бағыт, болашаққа жол. Тіліміз – тұтастығымыздың айнасы, рухымыздың тірегі.

Алтын ТАШМАҒАНБЕТОВА,
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту
орталығының әдіскері,
Қостанай қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.