Тілге құрмет – елге құрмет

Выпуск - №20(517)   :   20.05.2022
655

Соңғы уақытта мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары кеңінен қолға алынуда. Әсіресе қоғамдық өкілдер белсенділік танытып, ауқымды іс-шаралар жоспарланып, кейбірінің оңтайлы жүзеге асырылып жатқандығына да куә болудамыз.

Сөзіме дәлел, үстіміздегі жылдан еліміздің барлық өңірлерінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының филиалдары ашыла бастады. Бұл игі бастамаға Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы да үн қосты. Жақында ғана Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы қабырғасында аталмыш қоғамдық бірлестіктің Рудный қалалық филиалының алғашқы отырысы өткізілді. Оған әкімдіктің мәдениет, тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінің өкілдері мен қоғам мүшелері қатысты. Басқосуда қоғамдық бірлестік мүшелерінің міндеттері айтылып, жұмыс бағыты айқындалды.


Қоғамдық бірлестік филиалының төрайымы болып тіл жанашыры, Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры, қалалық мәслихат депутаты Қымбат Бірманова сайланды. Ол өзіне тапсырылған сенімге үлкен жауапкершілікпен қарайтынын тілге тиек етіп, бірлестік мүшелеріне «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облыстық филиалының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Әрі қарай бірлестік отырысы қоғам белсенділерінің мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі жайлы ойларын ортаға салып, талқылауымен жалғасын тапты. Болашаққа айқын мақсат-міндеттер нақтыланып, жұмыс жоспары жасалды.


Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Халықаралық «Қазақ
тілі» қоғамының
Рудный қаласындағы
филиалының мүшесі

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.