Төл теңгеге – 30 жыл

Выпуск - №43(591)   :   23.11.2023
781

Қарашаның 15-індегі Ұлттық валюта күніне орай, Қостанай қаласындағы «Западный» кітапхана-филиалында №6 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен «Теңге – ұлттық табыстың кепілі» атты сайыс өтті.

Тағылымды шараға Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері қатысып, балаларды «теңге» ұлттық валютасының пайда болу тарихымен, ерекшеліктерімен таныстырды. Слайдтардың арқасында балалар алғашқы теңгелер мен тиындарды көріп, ұлттық валюта дизайнерлерінің есімдерін білді, Қазақстанның естелік монеталарымен танысты. Артынша қатысушылар екі топқа бөлініп, әр топ қойылған викториналық сұрақтар мен жұмбақтардың жауабын дұрыс тауып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал, Ұлттық банк өкілдері балаларға кәде-сый монеталарын табыстады. Жиын соңында «Теңгенің шығу тарихы» туралы қысқа бейнематериал көрсетіліп, «Теңге – тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


Гульбахыт ИСАГУЛОВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.