«Триумф» жеңімпаздары марапатталды

Выпуск - №50 (446)   :   22.12.2020
599

Жылдағы дәстүрге сай «Триумф» марапаттау рәсімі өтті. Оған Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова қатысып, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады.

Облыс әкімінің марапаттау рәсіміне Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының, Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларының және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары және педагогтерімен қатар ауданымыз бойынша «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығынан қосымша білім алатын Ізтілеуов Әлинұр Талғатұлы мен жетекшісі, шығармашылық орталық педагогі Тұрысбек Айдар Дәуренбекұлы «Триумфтың» лауреаттары атанды. Айдар Тұрысбекұлы мен шәкірті бұл жетістікке облыс, республика, халықаралық деңгейде бейнелеу өнері бойынша байқауларда алған зор жетістіктері арқылы жетіп отыр.



Салтанатты рәсімде дарынды және талантты балаларды қолдауға және ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін педагогтарға облыс әкімі атынан Алғыс хаттар мен планшеттер берілді. Ғылым, шығармашылық және спорттың әр саласында жетістікке жеткен оқушыларға «Триумф» мүсіншелері, Қостанай облысы әкімінің атынан ашық хаттар мен ноутбуктер сыйға берілді. Қазіргі жағдайға байланысты өткен онлайн рәсім барысында естелік сыйлықтарды білім бөлімінің басшысы Мұрат Сембайұлы табыстады.

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер орталығының
көркемдік жетекші,
Амангелді ауданы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.