Осындай атауда «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында байқау өтті. Оған балабақшаның 7 педагогі қатысты. Қатысушылар өздерін таныстырып, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өнерлері мен сән үлгісін көрсетті.

Барлық педагогтер өздерінің шеберліктерін, жұмыс тәжірбиесін, шешендік қабілеттерін, педагогке сай биязы мінездерін көрсетіп, өздерін сан қырынан танытты. Сайысқа Арқалық қалалық білім бөлімінің әдіскері М.Калиева, балабақша меңгерушісі Р.Садыкова мен балабақша медбикесі М.Сакупова төрелік жасады. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысқан педагогтердің сан қырлы екеніне көз жеткізіп, өз өнері бойынша Т.Адилованың ерекше орындаған «Ана» туралы поэзиясы мен А.Дуйсенбинаның орындауындағы «Қос бәйтерегім» әніне жоғары бағасын берді. Сайысқа қазылық ету барысында педагогтердің шеберліктеріне және кәсібиліктеріне баса мән берілді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша балабақшамыздың музыка жетекшісі А.Дүйсенбина Бас жүлдені жеңіп алып, жеңімпаз атанды. Ал І орынды «Ербатыр» ересектер тобының тәрбиешісі Г.Кенжебаева иеленсе, ІІ орынды «Ертарғын» ортаңғы тобының тәрбиешісі Ж.Баязитова, ал жүлделі ІІІ орынды «Ерқанат» ортаңғы тобының тәрбиешісі Г.Шалдыбай иемденді. Сонымен қатар «Сөзге ұста – ойға шебер педагог» аталымына Т.Адилова, «Сымбатты педагог» аталымына А.Асылбекова, «Өнерлі педагог» аталымына М.Абдибекова ие болды. Тартысты байқау өз мәресіне жетіп, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Г.Шалдыбай,
«Алпамыс» б/б тәрбиешісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.