«Мемлекеттік тілдің қазіргі хәлі қандай?» деген сұраққа жауап іздеу мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің «Жас қаламгер» үйірмесінің ұйымдастыруымен мақала тақырыбымен аттас дөңгелек үстел өтті.
.jpeg)
«Туған тілім тірлігімнің айғағы.
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін», – деп Әбділда Тәжібаев жырлағандай, тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын, қастерлі әрі құдіретті ұғым саналады. Мемлекеттік тіліміздің жай-күйін ортаға салған игілікті іс-шараның шымылдығын колледж басшысы Ж.Құсайын ашып, қатысушылардың барлығына алғысын білдірді. Артынша сөзін жалғап, тақырып жайлы өзіндік ой-пікірін айтты. Ол мемлекеттік тілді жете білу отбасы тәрбиесінен бастау алатынын және қаламызда тілдерді дамыту орталығының жемісті жұмыстарына көңілі толатынын тілге тиек етті.
.jpeg)
Алқалы жиынға ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, тіл жанашыры П.Сүйінкина, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Бектас және қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Идрисова арнайы шақырылып, құнды пікірлерімен бөлісті. Студент жастар тіл туралы көкейді тескен ойлармен сусындап, санасындағы сұрақтарына да тұшымды жауап ала білді. Әсіресе, дөңгелек үстелге қатысушыларға іс-шараның өткізілу форматы ерекше әсер қалдырды.
Көрерменді жалықтырып жібермеуді көздеген үйірме жетекшісі И.Жайлаубаева, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталмас бұрын, жиналғандарға арнайы дайындаған репортаждарды көрсетті. Олар кәсіби журналистерге қарап, бой түзеген «Шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті Ақерке Инияттың қала тұрғындарымен қатар өз ұстаздарынан алған бейнесұхбатын тамашалады. Кейін ойдан ой туындап, сан түрлі сұрақтар қонақтарға тікелей қойылды.
.jpeg)
Ұлағатты ұстаз Пиалаш Балтақызы: «Тілді меңгеру әр адамның азаматтық парызы. Мемлекеттік тіл туралы ой толғаныстарымызды ортаға салып, еркін талқылаудың өзі тәуелсіздіктің жемісі деп білемін», – деп, пікіріне нақты дәйек пен деректер келтірді. Дөңгелек үстел соңында колледж директоры Ж.Құсайын қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті. Тілдің бүгіні мен ертеңі сөз етілген дөңгелек үстел өз мақсатына жетті деуге әбден болады.
Жанна ТУЛЕШОВА,
Ы.Алтынсарин ат. РӘГК
«Мектепке дейінгі тәрбие
және білім беру» мамандығының
3-курс студенті, «Жас қаламгер»
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.