Биылдан бастап тамыздың 10-ы – Абай күні ретінде атап өтіледі. Осы айтулы датаға орай Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн режимде халықаралық конференция өткізді.

«Абай – дара, Абай – дана қазақта» деген тақырып аясында Zoom платформасында ұйымдастырылған шара барысында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Мәрияш Кадралинова, Абай мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының (Семей қаласы) ғылыми қызметкері Гүлназ Бейсенбинова және Челябі облысы Халықтар Достығы Үйінің жанындағы «Жақсылық» облыстық қазақ мәдени ұлттық орталығының төрайымы Юлит Байдулетова, жас толқын өкілдері Анель Пимичева мен Анастасия Старкова сынды спикерлер Абайды танытуға, оның еңбектерін насихаттауға арналған баяндамаларын оқыды.

Онлайн кездесу қатысушылардың Абай Құнанбайұлының өмір жолынан сыр шертіп, ақынның елге танымал туындыларын оқумен басталды. Ал конференцияға Ресейдің Оңтүстік Оралынан қосылған қатысушылар Абай Құнанбайұлының шығармашылығына деген қызығушылықтарын танытты.
– Өткен ғасырдың 70-жылдары біздің өлкемізде Жоламанов Ыдырыс-ата есімді ақын өмір сүрген. Ол жастарды өз дінін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын сақтауға баулыған. Күндердің бір күні бір жанұяда нәресте дүниеге келеді. Қуаныш орнаған отбасы дүбірлі той жасап, жақын-жуық, жос-жарандарын шақырады. Сол тойда Ыдырыс-ата қолына домрасын алып, «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады. Ол жиналған жұрттың таңырқағанын байқап, ағартушы, ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, аудармашылық қабілеті туралы баяндап, оның орыс ақындарының көптеген шығармаларын, тіпті Пушкиннің «Евгений Онегиннің Татьянаға хатын» қазақ тіліне аударғанын жеткізді. Артынша Абайдың «Қара сөздер» атты кітабын алып шықты. Біз ол кітапты кезектесіп оқыдық. Данагөй тұлғаның ақыл-кеңестерін қойындәптерлерімізге жазып алуға тырыстық. Челябі облысында қазақтың дана ақыны Абайдың мұрасын танытуға арналған іс-шаралар өткізілетін болады, – дей келе, Юлит Ысқаққызы Абай Құнанбайұлының мұрасы – мәңгілік екендігін атап өтті.

Жас толқын өкілі, Қостанай облысы еріктілер қозғалысы орталығының «Bіlіm» білім беру бағытының үйлестірушісі Анель Пимичева ақын Абай Құнанбайұлының өсиет-өнегесі мен бай мұрасының жастарға тигізер әсеріне тоқталып өтті. Мектеп іргесінен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, бес нәрседен қашық болуға, бес нәрсеге асық болуға үйренгендігін айта келіп, ақын шығармашылығы «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасын терең түсіндіргендігін жеткізді. Іс-шара соңына қарай спикерлер дархан даланың дара ақынын еске алу мүмкіндігін сыйлаған Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне алғыс білдірді.
Дарья ШЕРБАКОВА,
Қостанай облыстық ҚХА
баспасөз хатшысы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!