Қостанай педагогикалық колледжінің М-41 тобы, яғни 4-курс студенттері Ыбырайтану факультативі аясында колледж оқытушысы Гульшат Алимбаеваның жетекшілігімен Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға экскурсияға барып келді.

Тағылымды сапар қазақ балаларына алғаш мектеп ашып, білімге жетелеген ұлы ұстаз Ыбырайдың асыл мұрасымен, өмір жолымен танысу мақсатын көздеді. Мұражай 1991 жылы салынған. Оның алдында дәл сол жерде 1884 жылы орыс-қазақ мектебі ашылды. Мұражай ғимараты екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, оқытушылық өмірімен, салынған мектептерімен таныстық. Бұрын-соңды көрмеген әрі естімеген ақпаратты жинақтап, 3D форматындағы мектеп, үй ішін көзбен көріп, үлкен әсер алдық.
Ыбырай атамыздың өзінің жазып кеткен хаттарын, өлең жолдарын көзбен көріп, оқу – біз үшін үлкен мақтанарлық сәт болды. Мұражайдың екінші қабаты ұлт ұстазының қызметтік жолы мен отбасы мүшелеріне арналған. Атамыздың бала-шағасы жайлы біршама мәлімет алып, бірге түскен фотосуреттеріне тамсандық. Негізінде Ыбырай Алтынсариннің түскен тек 2 суреті бар екен. Соның біреуі бала-шағасымен бірге болса, екіншісі оқушылармен түсірілген екен.
Ыбырайтану факультативі студенттерге Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығы жөнінде терең білім береді. Мәселен, Ыбырай еңбектерінде жалпыадамзаттық құндылықтар мазмұны жиі кездеседі. Оның әңгімелерінде адал еңбек ету, дұрыс тәлім-тәрбие беру, қамқорлық жасау, надандықтан қашық болу, терең ой мен таза жүректі сақтауға үндейді. Ыбырай шығармашылығы бастауыш сыныпта кездесетіндіктен, оқушыларды адамгершілігі жоғары, рухани жағынан бай, ақыл-ойы дамыған тұлға етіп тәрбиелеуде көмекші тәсіл деуге де болады.
Осындай дана тұлғаның өзіміздің Қостанай өңірінен шыққанына мақтанышымызды білдіреміз. Ыбырай атаның жолын қуып, лайықты, соған ұқсас ұстаз боламыз деген болашағымызға зор сенім артып, өз мақсатымызға ұмтыламыз.
Айша БУРАНБАЕВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің М-41
тобының студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.