Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда

Выпуск - №40 (588)   :   27.10.2023
1027

Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханамызда, Рухани келісім күніне орай, «Ынтымақ, бірлік – ислам негізі» атты рухани-адамгершілік бағыттағы конференция ұйымдастырылды.

Іс-шара оқушыларға Рухани келісім күнінің мәнін ашып, ынтымақ пен бірлік туралы мәлімет бере отырып, оларды мейірімділікке, кішіпейілділікке баулумен қатар өздерін көпшілік жерде ұстау мәнерін және әдепті сөйлеуді, бір келісімге келуді және сөйлеп жатқан адамды тыңдай білудің қыр-сырларын жеткізе білді.

 Тағылым мен тәрбиеге толы конференцияға Рудный қаласындағы Нұр мешітінінің бас имамы Сабыржан Есмурзин, «Кездесу» клубы және «Дәстүрге жол» аналар клубы, М.Дулатов атындағы №15 орта мектептің 9 «В» сынып оқушылары қатысты. Кешіміздің құрметті қонақтары рухани іс-шара барысында Рухани келісім күні туралы және ынтымақ пен бірлік, инаббаттылық пен имандылық туралы кеңінен  насихаттады.

Имам ағай тақырыпқа қатысты ой-пікірімен бөлісіп, адамгершілік, толеранттылық, имандылық жайлы құндылыққа толы, мағыналы әңгімелер айтып берді. Ал, балалар дін саласының маманына көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап та ала білді. Келген қонақтар мерекемен құттықтап, жүрекжарды ақ тілектерін білдірді. Артынша елордамыз Астана қаласында Рухани келісім күніне орай өткізілген съезді бейнеролик арқылы тамашалап, кешке ареайы дайындалған слайдтармен танысып өтті. «Ынтымақ, бірлік – ислам негізі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға тақырып аясында викториналық сұрақтар қойылды.

Оқушыларымыз тағылымды әрі танымы мол іс-шарадан керемет әсер алып, көңілді тарқасты. Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлеп қана қоймай, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.


Нұрсәуле ТӨЛЕГЕНОВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың абонемент
бөліміндегі кітапханашысы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.