Ырыс пен молшылық мерекесі

Выпуск - №11(608)   :   22.03.2024
593
4-4-1

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері, Наурыз мерекесіне орай, Аэропорт шағын ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББ мектептің оқушыларымен «Наурызым – құт-береке, молшылығым» атты театрландырылған шолу өткізді.

image

Кітапханашы оқушыларды ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, халқымыздың салт-дәстүрлерін сақтап, дәріптеуге баулып қана қоймай, мерекенің шығу тарихы туралы толық түсінік беріп өтті. Артынша білім алушыларға Ұлыстың ұлы күнінде жасалатын «Қырқынан шығару», «Бесік той», «Тұсаукесер», «Сырға салу», «Бет ашар», «Қыз ұзату» салт-дәстүрлері туралы айтылып, «Көрісу», «Аластау» дәстүрлері көрсетілді.
Әрмен қарай тағылымға толы іс-шарамыз ұлттық ойындарымен жалғасын тауып, оқушылар «Асық ойыны», «Сақина шық», «Қол күрес», «Бес тас» ойындарын ойнап, өнерлерін де ортаға салды. Ән де шырқады, викториналық сұрақтарға да жауап берді. Іс-шараның соңында «Берекелі Наурыз» тақырыптық сөресіне шолу жасалды. Осылайша тағылымды жиыннан жас ұрпақ мол мағлұмат ала білді деп сеніммен айтуға болады.

Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.