Қалалық білім бөлімі желтоқсан айында «Үздік қар мүсіні» байқауын жариялаған еді. Оған қалалық білім беру ұйымдарының бәрі бір кісідей атсалысты. Әр мекемеге жеребе арқылы номинациялар таратылып, біздің мектепке «Жас сарбаз» номинациясы түсті.
Қыс деген атауы болғанымен, желтоқсан айында жерде қар болмады. Дегенмен, берілген тапсырманы орындап, орталыққа «Жас сарбаз» мүсінін қардан тұрғызып, қала тұрғындарына сыйға тарттық. «Қыс қызығы» мерекесінде балалардың қардан жасалған мүсіндерін қызықтап, суретке түсу – қала қонақтарының әдеті ғой. Жаңа жыл мерекесінен кейін қала көшелерінде серуендеп жүргендердің қатарында ел қорғауында болған десантшылар тобы мектебіміздің қар мүсінін көріп, риза болғаны сонша, тақтайшадағы «Абай мектебі» деген жазуды байқап, бізбен байланысқа шықты.
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» дегендей, мектепке келіп, мектеп әкімшілігімен танысып, оқушылармен кездесіп, қолдан келген сыйлықтарын табыстау екен мақсаттары. Олардың осы бір қолдауына қатты риза болдым. Оқу тоқсаны басталысымен, мектебіміздің мәжіліс залында «Ерлік сабағын» ұйымдастырдым. Дәріс сабағына «ВДВ тобы үшін» группасының жетекшісі Артем Николаевич бастаған бір топ «десантшылардан» бұрынғы әскери қызметшілері келді. Сөз алған Артем Николаевич КСРО-ның десанттық әскерлерінің, Отандық десанттық-шабуылдау әскерінің құрылуы, десантшы жауынгерлердің дайындығы мен жауынгерлік шеберлігі, олардың оқу-жаттығулар барысы туралы, бұл әскердің қалыптасуы мен дамуы хақында болашақ Отан қорғаушы оқушыларымызға баяндап берді.
Әскери қақтығыстар кезінде десантшыларға қашан да жауапты міндеттер жүктелгенін ұққан оқушылар десантшы Артем Николаевичтің дәрісін жалықпай тыңдады. Ерлік сабағы оқушылар үшін өте пайдалы болды. Біріншіден, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, аталар ерлігін мақтан тұтып, оны жалғастыруға баулу; екіншіден, батырлар туралы ойларын тереңдетіп, зерттеу еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету, ізденгіштік қасиеттерін арттыру; үшіншіден, оқушылардың тарихи шығармалар мен құжаттарды, архив материалдарын тиімді пайдалану дағдысын қалыптастырып, ұлы адамдардың өмірінен үлгі алуға және оларды қадірлей білуге тәрбиелеу көзделді. Арнайы келген «ВДВ» тобы мектеп әкімшілігіне Алғыс хат пен кішігірім сыйлықтарын әкелді. Кездесу суретке түсумен аяқталды.
Жаслан БЕКЕНТАЕВ,
Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.