Ұлт ұстазының ізін жалғаған

Выпуск - №15(663)   :   18.04.2025
605

1

Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің қабырғасында ҚР халық ағарту ісінің үздігі, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының 80 жасқа толуына арналған «Ыбырай ізін жалғаған» тақырыбындағы тағылымды кеш өтті.

Профессор А.Күзембайұлы Қазақстан тарихының өзекті, аз зерттелген проблемалары жөнінде 300-ден астам ғылыми еңбек жазған тарихшы. Оның ішінде 56 монография, оқулық және оқу құралдары бар. ЖОО-на арналған «История Казахстана» еңбегі 1992 жылдан бастап 10 рет 50 мың данамен баспадан шығарылды. Ол өзінің шәкірттерімен бірге халқымыздың көне және ортағасырлық тарихы, ғылымның теориялық және әдіснамалық мәселелері бойынша зерттеу жүргізуде. Өзінің оқулықтарында халқымыздың ұлтазаттық қозғалысына үлкен көңіл бөлді. Қазақ тарихына еуроцентристік көзқарасты әшкерелей отырып, ол ұлттық тарих – қазақ халқының мүддесін көздеуі керектігін дәлелдеді. Он екі ғылым кандидатын және екі ғылым докторын дайындап шығарды.

2


«Әркімің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, іс-шара барысында Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің әкімі Қолқанат Мурзағалиев Аманжол Күзембайұлына туған жерінің ыстық сәлемін жеткізіп, 80 жас мерейтойымен құттықтап, аудан жұртшылығы атынан сый-сыяпат көрсетті. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай облысы композиторлар Одағының мүшесі Бақытжан Сәуекенов Аманжол Күзембайұлына арнаған сиясы кеппеген ән-шашуының тұсауы кесілді. Аманжол Күзембайұлының шәкірттері Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіндегі Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Салауат Кентбек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры «500 ғалым» бағдарламасы аясында Ұлыбританияның Ридинг университетінде 1 жылдық ғылы-ми тағылымда жүрген Бағыш Габдулина және тарих ғылымдарының кандидаты, PhD, Астана Халықаралық университетінің профессоры Гульмира Асанова өздерінің құттықтауларын онлайн форматында жеткізді.

4


Іс-шараға жиналған елімізге танымал зиялы қауым өкілдері тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушыларының орындауындағы «Ұстазым» әнімен аяқталды. Іс-шараның бұл әнмен аяқталуы тегін емес. Жастайынан білімге талпынған оқушы бала Майлыағаш жеті жылдық мектебінен кейін оқуын 1960-1964 жылы Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ мектебінде білімін жалғастырған еді. Аманжол Күзембайұлы студенттерге білім берумен бірге өз білімін де жетілдіріп келеді. Сондай ізденімпаздығы мен біліктілігі, еңбекқорлығы, тәжірибе молдығының арқасында 2006 және 2015 жылдары екі мәрте республика бойынша «Үздік оқытушы» грантының иегері атанды. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1991 ж.), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2009 ж.) төсбелгілерімен, 2014 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы еліміздің жоғарғы білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, новаторлық ұсыныстары және жаңа буын мамандарды дайындаудағы инновациялық істері үшін А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.
Ал 2015 жылы Қазақстан-Қостанай телеарнасының ұйымдастыруымен «Жыл адамы» атағын иеленіп, 2017 жылы «Қазына» меценаттар сыйлығының лауреаты атанды. 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысының «Құрмет грамотасымен» марапатталса,  2019 жылы «Қозыбаев» медалінің иегері атанды. Биыл тарих ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды. Бұл – ғылым мен білім жолында жарты ғасырдан астам ғұмырын сарп еткен абзал ұстазға көрсетілген ел құрметі, еңбектің еленуі.

Назгүл ШЕКТЫБАЕВА,
Ы.Алтынсариннің
мемориалдық музейінің
бас қор сақтаушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.