Ұлттың ұлағатты ұстазы

Выпуск - №10(507)   :   11.03.2022
535

Биыл еліміз қазақ халқының біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзбен айту мүмкін болмас. Дегенмен есімі үлкен әріптермен жазылатын ұстаздардың алдыңғы қатырында екені хақ.

Ұлағатты ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай келер ұрпаққа үлгі ретінде құрмет көрсетіліп, қаламыздағы ескерткіш-бюстіне гүл шоқтары қойылды. Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлы жиналған қала тұрғындарына, зиялы қауым өкілдеріне жылы лебізін білдіріп, өз сөзінде Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан деректерді келтіріп, жасаған игі істерін тілге тиек етті. Артынша қала мекемелері атынан арнайы гүл шоқтары дайындалып, құрмет көрсету рәсімі өткізілді.

Дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүгінде жас ұрпақтың жүрегінде жатталып, мәңгі есте қалады. Ұлтымыздың ұстазы қазақ халқы үшін қызмет етуді өмірлік мұрат тұтқан, ал артында қалған мұралары егемен еліміздің халқы үшін қоғамдық тәрбие беруде айрықша маңызға ие екені сөзсіз. Халық өмірінің сан-саласына араласып, көзқарасын ашық білдірген қоғам қайраткері, ірі тұлға, ақын, әдебиеттанушы, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазының Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Сарытүбек аулынан шыққан жерлесіміз болғанын мақтан тұтамыз.


Асем ДҮЙСЕНБИНА,
«Алпамыс» бөбекжайының
музыкалық жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.