Ұлттың ұстазы ұлықталды

Выпуск - №42 (489)   :   02.11.2021
225

Күні кеше ғана колледж қабырғасында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен республикалық «Ы.Алтынсариннің қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кәсіптік білімнің негізін салушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы өңіріміздегі білім беру ұйымдарында кеңінен аталынып, ауқымды іс-шаралар ұйымтастырылуда. Ең алдымен қонақтарға тақырыптық көрме ұсынылды. Аталмыш шараға облысымыздағы танымал тұлғалар мен ұлағатты ұстаздар қатысып, бой көрсетті. Конференцияны колледж директоры Ж.Құсайын баяндамасымен ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейін қадірменді қонақтар бірінен соң бірі сөз алып, ағартушының қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөліне басымдылық беріп, келелі ойды ортаға салды. Айта кетсек, Ыбырай атамыздың рухани мұрасын кеңінен зерттеп, зерделеп жүрген ғалым Қалқаман Жақып өзінің терең ойға жетелейтін көзқарастарымен бөлісті.


Конференция барысында сөз алғандардың барлығы да даланың дара ұстазы Ыбырай атамыздың даналығын дәріптеп, ұлылығын асқақтата білді. Кейін конференция тақырыбына байланысты секциялық отырыстар жұмыс істеді. Онда ұстаздар өздерінің қызықты да тәрбиелік мәні күшті баяндамаларын оқыды. Әсіресе Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаеваның баяндамасы көркем мазмұны мен тың ақпараттарымен ерекшеленді. Ол секцияға қатысқан студенттердің назарын өзіне аударып, зерттеген тақырыбының өзектілігін егжей-тегжейлі түсіндірді.


Аталмыш іс-шарадан колледж мұғалімдері де тыс қалған жоқ. Арнайы пәндердің оқытушылары О.Павленко, Т.Дубовая, И.Жайлаубаева конференцияға арқау болған тақырыпқа сай жаңашыл сипаттағы баяндамаларын ұсынды. Ал тәжірибелі ұстаз, «Ы.Алтынсарин төсбелгісінің» иегері Б.Тұрағұлова шәкірті ШТ-02 тобының студенті Ақерке Инаятованы дайындап, қатыстырды. Конференция соңында барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды. Ұлттың ұлы ұстазын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған игі шара жоғары деңгейде өтті.


Жанна САЛЫҚ,
Перизат ҒАНИБЕК,
«Жас қаламгер»
үйірмесінің мүшелері,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.