Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі Мемлекеттік тілдегі кітапханада қыркүйектің 5-і – Тілдер күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра» атты танымдық сағаты өткізілді.

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Кітапханадағы іс-шараға «Кездесу» клубының мүшелері және тұрақты оқырмандар қатысты. Тағылымды жиын барысында «Жадыра» ансамблінің мүшесі Шамшия Қайыркенова апай «Туған жер» әнін, ал Жақсылық Кәкенов ағай А.Байтұрсыновтың «Қарғаш» әнін жырлады.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ретінде елге сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол қазақ әліпбиінің алғашқы авторы, «Тіл құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар» атты еңбектермен қатар бірнеше хрестоматия жазған. Туған халқына қызмет етуге бар ғұмырын арнаған ойшыл ақын өз дәуірінің сәулелі жұлдызына айналды. Дана тұлғаның халыққа сіңірген еңбегін бағалап, мол мұрасын зерделеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Биыл ұлт ұстазының мерейтойы халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО көлемінде мерекеленбек.
Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барша халық үлес қосса ләзім. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз біліп қана қоймай, насихаттап отыруымыз керек-ақ.
Нұрсәуле ТӨЛЕГЕНОВА,
Орталықтандырылған
кітапхана жүйесі
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана қызметкері,
Рудный қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.