Амангелді аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтар тоғысында» атты кеңес ұйымдастырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Б.Алпысбаев, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің сектор меңгерушісі Т.Ситникова және ұстаздар қауымы қатысты.
Алқалы жиын Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара қатысушылары, ең алдымен, Н.Мейірманов жалпы білім беретін мектебінде болды. Онда оқушыларға «Ұлы дала мұрагерлері» – қамшы өру, «Зергерлер» – сақина соғу, «Шебер қолдар» – кілем тоқу, «Сиқырлы ілмек» – тоқыма тоқу, «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» – ою түрлерін үйрету және «Ұршық иіру – ұлттық өнер» үйірмелерінен қосымша білім беруге мүмкіндік жасап отырған «Ұлт мұрасы» этнокабинетінің жұмысымен танысты.
Мәдениет үйінде өткен шара «Ұлттық құндылықтар тоғысында» тақырыбындағы аудандық көрмемен жалғасты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, ұлт ағартушысы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы, Рухани жаңғыру белестері, Елбасы еңбектері, Батпаққара өңірінің тарихы мен өнер бағыты, «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қолөнер бұйымдары, экологиялық-биологиялық, заманауи технология саласында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша өткізілген көрме арқылы Амангелді ауданының білім беру саласында атқарылып жатқан игі істер таныстырылды.
«Рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтар тоғысында» тақырыбында өткен зерделі кеңес барысында Амангелді ауданы әкімінің орынбасары Б.Алпысбаев, облыстық білім басқармасының сектор меңгерушісі Т.Ситникова құттықтау сөз сөйледі. Аудандық білім бөлімінің басшысы М.Дихамбаев білім беру саласы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу тетіктеріне тоқталып, бағдарлама аясында Амангелді ауданы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жобаларға тоқталды. Амантоғай мектебінің директоры Ғ.Бейсенғалиев, Ә.Боранбаев мектебінің директоры С.Салих, Тасты мектебінің директоры А.Қойгелдина, Бүйректал мектебінің директоры Ә.Аренов өз кезегінде білім беру ұйымдарындағы жұмыстарға баяндама жасады.
Кеңес соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына үлес қосып, зор табыстарға қол жеткізген, ауқымды жобаларды іске асырған білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының басшылары марапатталды. Қостанай облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен Ы.Алтынсарин мектебінің директоры Ғ.Алмағанбетов, Амангелді мектебінің директоры Т.Құсайынова, Н.Мейірманов мектебінің директоры Б.Дәуітбаев, А.Нұрманов мектебінің директоры Қ.Шоңғалов, Амантоғай мектебінің директоры Ғ.Бейсенғалиев, Жалдама мектебінің директоры С.Балекина, Тасты мектебінің директоры А.Қойгелдина, Құмкешу мектебінің директоры А.Қылышбаева, Бүйректал мектебінің директоры А.Аренов марапатталса, Амангелді ауданы әкімінің Алғыс хаты Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің директоры Ж.Сыздықовқа, Ә.Боранбаев мектебінің директоры С.Махатқа, музыка мектебінің директоры К.Ахметов, «Шұғыла» шығармашылық орталығының директоры Е.Қойшыбаевқа, Рассвет негізгі орта мектебінің директоры Ә.Әбдуахитов пен Б.Қолдасбаев мектебінің директоры М.Әбдіковке табысталды. Амангелді ауданы білім бөлімінің Алғыс хаты Жасбуын мектебінің директоры Д.Әбдіғали және Қарынсалды мектебінің директоры А.Жанарбаеваға берілді. Іс-шара соңы Батпаққара өңірі өнерпаздарының мерекелік бағдарламасымен аяқталды.
Ел дамуының жарқын үлгісі іспетті келелі ой мен батыл шешімдерге құрылған «Болашаққа бағдар: рухании жаңғыру» бағдарламасының қабылданғанына биыл төртінші жыл толып отыр. Амангелді аудандық білім беру саласы бойынша бағдарлама негізінде 2017 жылдан аудан бойынша барлығы 217 іс-шара жүзеге асырылып, оның ішінде 48-і ауқымды жобаға ұлғайғанын көрсетті. Жоспар бойынша іс-шараларды іске асыруға демеушілер мен аудандық бюджет тарапынан барлығы 127 млн теңге қаражат тарту жоспарланса, бөлінген қаражат 90 млн 214 мың теңгеге артық орындалды. Меценаттар есебінен тартылған қаражат 217 мың 754 млн теңгеге жетіп, барлық қаржының 80 пайызын құрады. Мұндай іргелі істер білім беру саласындағы ұлттық жобаның әлеуметтік-әріптестік байланыс тұрғысында белсенді жүргізілгенін көрсетті.
Бағдарлама аясында жалпы білім беретін орта мектептер бойынша білім беру ұйымдарынан ашылған оқу кабинеттерінің саны жыл сайын артып, білім алушылардың заманауи білім қажеттіліктеріне қол жеткізуге толықтай мүмкіндік берді. Бұл бағытта Амантоғай, Құмкешу, Н.Мейірманов, Ә.Боранбаев мектептері мектеп түлектерін кабинеттер ашу жұмыстарына жұмылдыра отырып, демеушілермен жүргізілетін жобаларды сапалы ұйымдастыра білді. Соңғы үш жыл ішінде білім беру ұйымдарында меценаттардың демеушілігімен барлығы 3 ІТ-сынып, 3 робототехника кабинеті ашылып, қолданысқа берілді. Мұндай ауқымды шаралар бағдарламаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік туғызып, оқушылар мен ұстаздардың сандық технологиялар саласында өз жобаларын жасап, білім сапасының артуына септігін тигізіп отыр.
Қоғамдық сананы модернизациялау мақсатында 2019 жылы қостанайлық ұстаздардың еңбегімен «Өлкетану» хрестоматиясы құрастырылса, Рассвет негізгі орта мектебінде «Өлкетану» кабинеті, Жалдама мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеті қолданысқа берілді. Ы.Алтынсарин, Б. Қолдасбаев жалпы білім беретін мектептерінің өлкетану бағытындағы жобасы аясында мектеп оқушылары «Туған өлке соқпақтары», Ә.Боранбаев мектебінің оқушылары «Әнуар ізімен» атты Нұр-Сұлтан қаласына жасалған экскурсиялық жобасына қатынасты. Жас өлкетанушылар өз кезегінде туған өлкеміздің тарихи, сакралды орындарына саяхат жасап, өздерінің кіші зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды. Бүгінде туған өлке тарихымен оқушыларды етене таныстыруда мектеп мұражайларының саны екі есеге дейін артып, соңғы үш жылда Тасты, Құмкешу, Жаңа ауыл, Бүйректал мектептерінде тарихи-өлкетану мұражайлары қолданысқа берілді.
Туған елге деген сүйіспеншілікті жастардың бойына дарытып, ұлттық төл құндылықтарымызды, халықтық өнерді насихаттауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығы артып келеді. Ұлттық жоба аясында Н.Мейірманов жалпы білім беретін мектебінің «Туған өлке – ұлттық өнер қойнауы» жобасы бойынша «Ұлт мұрасы» атты этнографиялық кабинеті, Саз мектебінен ашылған Ораз Мұқанов атындағы өнер кабинеті, А.Нұрманов мектебінде қолданысқа берілген Ұлттық домбыра кабинеті, Жасбуын мектебі жанынан салынған дала сахнасы, Қарынсалды мектебіндегі «Ұлттық өнер» кабинеті, Амангелді мектебі мен «Шұғыла» шығармашылық орталығы бойынша өткізілген «Асық party» іс-шаралары оқушылар санасына халықтық өнер, төл мұралар мен ұлттық ойындарды сіңіруге зор мүмкіндік берді.
Спорт секцияларына оқушыларды тарту, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында Амангелді ауданының білім беру ұйымдары жанынан заманауи футбол алаңдары салынды. Ә.Боранбаев, Б.Қолдасбаев, Жаңа ауыл, А.Нұрманов мектептері жанынан қолданысқа берілген аталған нысандардың салынуына ел меценаттары 56 миллион қаражатқа демеушілік жасады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың туризм мен спортқа деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген негізгі құндылықтарды да нығайтуға өз ықпалын тигізіп келеді. «Кәсіпкерлік әлеміне жол ашамыз!» жобасы негізінде Жасбуын, Ы.Алтынсарин, Жаңа ауыл, Рассвет жалпы білім беретін орта мектептерінде құрылған «Жас кәсіпкер» бизнес-клубтары аясында клуб мүшелері өздерінің бизнес-жобаларын жасап, аудандық кәсіпкерлік палата өкілдерімен, әртүрлі саладағы кәсіпкерлермен бірлескен іс-шараларды атқаруда. Іс-шаралар негізінде болашақ жас кәсіпкерлер «Елнұр», «Нарбай», «Ақжол», «Кәусар» шаруа қожалықтарында 1 күндік Еңбек күнін өткізіп, бау-бақша, мал өсіру, егін егу шаруашылықтарымен танысты.
Дәстүрлі түрде өтетін әдеби оқулар мен ана тіліміздің мәртебесін асқақтату мақсатында өткізілетін облыстық байқаулар мен «Абай, Махамбет, Ілияс оқулары», «Менің кіші Отаным» «Ақберен» ақындық және шешендік өнер додалары оқушыларымыздың дарыны мен шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өңіріміздің әр аймағынан жас таланттарды анықтауға әрі оларға қолдау көрсетуге септігін тигізуде.
Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді уданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.