Ұлыстың ұлы күні – ұлттық мейрам

Выпуск - №11-12(508-509)   :   25.03.2022
308

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа күннің басы – әз Наурыз жетеді. Қыстан аман шыққан халқымыз барлық жақсылық пен қуаныштың бастауы саналған Ұлыстың ұлы күніне ерекше көңіл бөліп, думандатып тойлауды салтқа айналдырған.


 

Қостанай қаласының №1 бөбекжай-балабақшасының балақайлары да бұл мерекеден шет қалмады. Мереке күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салтанатты іс-шара орын алды. Ұлттық мейрамды балабақшада атап өту арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды дәріптеу көзделді. Игі шара шеңберіндегі биылғы бағдарлама ерекше. Наурызды тойлауды балабақша ұжымы ертемен бастады – ұлттық киім киінген тәрбиешілер қауымы аулада самаурын қайнатып, қазанға бауырсақ пісіріп, ата-аналар мен бөбектерді мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Әз Наурыз мейрамына балабақша балғындары да айрықша әзірленіпті. Шуақты мереке әрі қарай тілдері тәтті бүлдіршіндердің тақпақ-әндерімен, ұлттық ойын түрлерімен жалғасты. Балақайлар асық ойнап, арқан тарту ойынын тамашалап, жүздері бал-бұл жайнап, өзара мәз-мейрам болысты. Сондай-ақ кішкентай тәрбиеленушілердің назарына ұлттық дүниелеріміз қойылған көрме ұсынылды. Көрмені тәрбиешілер мен ата-аналар қазіргі кезеңде кеңінен қолданыла бермейтін, ұмыт бола бастаған заттармен жабдықтаған. Кішкентай көрермендерге самаурын, қамшы, торсық, түбіт тарақ, ұршық тәрізді халқымыздың тұрмыстық заттары таныстырылды.

Мерекені тамашалауға келген әжелердің бірі түбіт тарақ туралы кеңінен түсінік беріп, оның қай мақсатта қолданылатындығы жайлы әңгімелеп берді. Әжей тіпті түбіт тараққа түбіт салу тәсілімен де бөлісіп, ұршық иіріп, одан жылы бас киім, шұлық тоқуға болатындығын айтты. Ұлыстың ұлы күні кең дастархан жайып, жаңа күннен жақсы жаңалыққа үміт артуды халқымыз қашаннан әдетке айналдырған. Бұл күні балабақшадағы ақ дастархан наурыз көже, қымыз, бауырсақ, жент, ірімшік тәрізді ұлттық тағамдарға толы болды. Салтанатты думан соңында кішкентай меймандар мен ата-аналар дәм татып, үлкен кісілер баталарын беріп, бір-біріне игі тілектерін жаудырды.


Нұргүл ХАМИТБЕКОВА,
№1 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

«Дельфинчик» бөбекжай-бақшасында «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында балаларға арналған «Ата салтын ардақтайық» атты іс-шара жоспарланып, өткізілді. Аталмыш іс-шара Наурыз мейрамына орайластырылған. Тағылымға толы мерекелік бағдарламаны қазақ тілі пәнінің мұғалімі мен Гүлнара Аухатова және музыка жетекшілері Ирина Бурлаченко мен Наталья Ворвуль ұйымдастырды.

Балабақшамыздағы мерекелік шара барысында оқушыларға ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттауды назардан тыс қалдырмадық. Балғындар көктем туралы өлеңдерді қазақ және орыс тілінде оқып, шығарманың ішкі сезімін жеткізуге тырысып, мәнерлеп оқыды. Артынша «Құтты болсын әз Наурыз» әнін орындап, мерекелік жиын «Киіз үй» музыкалық ойынымен жалғасын тапты.

Ал «Тұсау кесу» салтына қатысудан балалар ерекше әсер алды. Оларға рәсімге орай арнайы дайындалған ала жіптің мәнін түсіндіріп, ұлттық салт-дәстүріміздің жаманнан жиренуге үндейтінін ұғындырдық. Балаларды ұлттық тағам бауырсақтан дәм татып, Наурыз мейрамы қарсаңында бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ балабақшамыздың барлық топтарында «Наурыз – нұр мен ізгілік мерекесі» атты тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.


Гүлнара АУХАТОВА,
«Дельфинчик» б/б қазақ тілі
пәнінің мұғалімі,
Лисаков қаласы

Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма, жүн иіру өнерін жаңғырту мақсаты бөбекжайымызда алға қойылған. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі болмақ.

Ата-анамен бірігіп, бөбекжайымыздың тәрбиешілері жүннің түтілуі, жіптің тоқылуы жайлы балаларға ашық сағаттар, көрмелер ұйымдастыруда. Балалар өз қолдарымен суреттерді жүн арқылы салып, жіп арқылы өрнектеп, мәз болды. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп келеді. Жүнді иіріп, жіп шығару өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі болғандықтан, тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып келеді. Өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге лайықпат жаңғырту әрқайсымыздың борышымыз.


Гүлдана АЛМАҒАМБЕТ,
«Гүлдер» б/б әдіскері,
Арқалық қаласы,
Ашутасты ауылы

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Арқалық политехникалық колледжінде «Жайлау күні» атап өтілді. Жалпақ тілмен айтар болсақ, бұл – табиғат анаға жанашырлық пен қамқорлық күні. Оның аясында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін дамытуға және денсаулығын жақсартуға ықпал ететін аумақты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына көп көңіл бөлініп, сенбіліктер ұйымдастырылады. Бұл шаралар жастарды ізгілікке шақырып, саналарына жақсылықты сіңіруге бағытталған.

Колледж қызметкерлері мен білім алушылар театрландырылған қойылым көрсетіп, «Жайлау күнінің» маңыздылығын көрермендерге жеткізе білді. Театрландырылған қойылым ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен колледж қызметкері Жеңіс Жұмағалиевтің орындауындағы И.Жақановтың «Жайлаукөл кештері» әнімен аяқталды.

Салтанат АХМЕТОВА,
Арқалық политехникалық
колледжі директорының ТЖ
жөніндегі орынбасары

Жылдың басы саналған Наурыз мейрамы қарсаңында №61 бөбекжай-бақшасында мерекелік іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған. Тәрбиешілер мен балалар, музыка жетекшілерімен бірлесіп, мерекелік ертеңгіліктің бағдарламасын дайындайды. Биыл ұйымдастырылған ертіңгілік өте ерекше болды. Тәрбиешілеріміз кейіпкерлердің, атап өтер болсақ, басты кейіпкер Алдар көсені, байдың және әженің рөлдерін сомдап, керемет көрініс көрсетті. Алдар көсенің жасаған наурыз көжесінен дүйім жұрт дәм татып, алғысын айтып жатты.

Іс-шара барысында балаларға бұл күні табиғаттың жаңару белісі ретінде ел ырымдап, тал егетінін ескертсе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қазақша күрес, қол күресі, арқан тарту ұлттық ойындарын жүргізді. Меркелік шараның соңында дастархан жайылып, жиналғандар наурыз көжеден дәм тартты. Ал Қыдыр атаның рөлін сомдаған кейіпкер балаларға батасын берді.


Гүлмира ҚАБЫЛДИНА,
№61 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Барша мұсылман әлемі тойлайтын Наурыз мерекесіне орай №61 бөбекжай-бақшасында «Наурыз – шаттық әніміз» атты ертеңгілігіміз ерекше тойланды. «Наурыз» парсының «нау» – «жаңа», «рыз» – «күн» деген сөздерінен шыққан. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер сәнді ұлттық киімдерін киіп, наурызға қатысты өлеңдерін жатқа айтып, қыздарымыз мың бұрала би билеп, ұлттық ойындарын ойнап, наурыз дастарқанында бір-біріне ізгі тілек айтып, мәз-мәйрам болды. Мерекенің құрметті қонағы болған әжеміз балаларға наурыз көженің жасалу жолын түсіндірсе, Қыдыр атамыз ақ батасын берді.


Назым АЛПЫСБАЕВА,
№61 б/б әдіскері,
Қостанай қаласы

Реклама

Литературе вообще нельзя научить, а в школе – особенно. Когда преподаёшь в школе, скажем, Толстого, главное, на мой взгляд, чтобы твой ученик не возненавидел великого классика и его героев, едва прикоснувшись к ним, не потерял их для себя на долгие годы. Для того чтобы действительно узнать Толстого, надо быть уже взрослым человеком. А пока надо постараться, чтобы от встречи с Толстым у молодого человека осталось по крайней мере радостное впечатление, ощущение чего-то светлого и во многом непонятного, к чему хотелось бы вновь и вновь возвращаться в дальнейшем… Самое страшное, что может сделать педагог – это заставлять из-под палки читать великого художника. Это профессиональное преступление.