Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпақтар жадында сақталар соғыс» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара еліміздің тарихындағы ең маңызды беттердің бірі – Жеңіс күнін еске алу мен құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Салтанатты ашылу рәсіміне мәдениет басқармасының өкілдері, өңіріміздің құрметті азаматтары, ардагерлер мен мәдениет қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ғасыр жасаған ақын-жыршы Қасымхан Алдабергенұлы, Қарулы күштер ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Изимов, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі әрі педагог, Білім қорының жүлдегері Тамара Давиденко, сондай-ақ «Солнечный» ықшамауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бибігүл Ибраева болды.
Қонақтар өз сөздерінде бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, Жеңістің халқымыз үшін қандай үлкен ерлікпен келгенін еске салды. Олар соғыс ардагерлерінің батылдығы мен қажырлы еңбегін атап өтіп, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Көрмеде Кеңес сарбаздарының ерен ерліктері мен соғыс жылдарындағы ауыр сынақтар туралы баяндайтын кітаптар, деректі материалдар, фотосуреттер мен естеліктер ұсынылды. Сонымен қатар, келушілер көркем әдебиет пен мемуарлық шығармалар арқылы сол заманның трагедиясы мен батырлық рухын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды.
«Ұрпақтар жадында сақталар соғыс» кітап көрмесінің ашылуы – өткенді ұмытпай, болашаққа бағдар жасауға бағытталған маңызды мәдени оқиға болды. Бұл іс-шара арқылы ардагерлердің ерлігіне тағзым етіліп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды. Осындай іс-шара өткеннің аманатын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді. Жиында поэзия оқылып, көркемсөз шеберлері мен өнерпаздар тақырыптық қойылымдар көрсетті. Бұл әсерлі сәттер қатысушыларға ерекше рух беріп, көрменің тарихи мәнін одан әрі тереңдете түсті. Сондай-ақ, ниет білдірушілер арнайы ұйымдастырылған фотоаймақта естелік суретке түсті.
Ұлы Отан соғысының батырлары бізге тек Жеңісті ғана емес, сонымен қатар бейбіт өмірдің қаншалықты құнды екенін де ұғындырды. Бүгінгі ұрпақ үшін ең басты міндет – сол ерлікті ұмытпай, бейбітшілікті сақтау. Қаншама құрбандықпен келген азаттық пен тыныштықтың қадірін білу – әрбір азаматтың парызы. Жеңіс күні – естелік қана емес, қаншама жанның ерлігі мен төзімділігінің арқасында келген құндылық, батырларымыздың аманатына адал болуға үндейтін тарихи сабақ. Ендеше, ұрпақтар сабақтастығын үзбей, Жеңістің мәні мен маңызын әрдайым жоғары ұстау – біздің міндетіміз.
А.Елубаева,
Л.Н. Толстой атындағы
ҚОӘҒК абонементтер
бөлімінің кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.