Ұстаздықпен өмірін өрнектеген

Выпуск - №38(434)   :   29.09.2020
297

Саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған ардағы ұстаздарымыз аз емес. Осы тұста елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күніне орай, Жангелдин орта мектебінде «Мамандық үздігі» тақырыбында кездесу өтті.

Басқосуға мектебімізде адал еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан мамандықтарының үздігі – математика пәнінің мұғалімі Искакова Гүлбану Исламбекқызы, тарих пәнінің мұғалімі Искакова Гүлжан Исламбекқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Үкіжан Исламбекқызы және технология пәнінің мұғалімі Диханбай Мәлік Мырзакеленұлы шықырылды. Кездесу мектеп бітіргелі отырған 10-11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды. Оқушылар ардагер ұстаздардан мамандықтарының қыр-сырларын сұрап, мамандыққа қалай келгендерін, осы жолда бастарынан кешкен қызықты сәттерін сұрап, сұхбаттасты.
Ардагер ұстаздарымыз оқушыларға еңбек жолында болған қиын да қызықты сәттерімен бөлісті. Сонымен қатар жылдар бойы атқарған жұмыстарын айтып, ұстаздық еткен уақытын естеріне түсіріп, бір марқайып қалды. Ардақты қонақтарымыз оқушыларға ұстаздық мамандықты таңдағандарына ешуақытта өкінбегендерін айтып, мамандық таңдағанда жүрек үніне құлақ асып, өздеріңнің жандарыңа жақын болар іспен айналысуға, сол бағытта қозғалуға кеңес берді. Кездесу шағын концерттік бағдарламаға ұласты. Мектебіміздің 6-сынып оқушылары күй тартып, 7-сынып оқушылары әсем әуен шырқап, мағыналы көркем сөз оқыды. Тағылымды басқосу мектеп оқушыларының ардагер ұстаздарымызбен естелік суретке түсуімен аяқталды.


Қарлығаш УТЕБАЕВА,
Жангелдин ОМ тәлімгері,
Жангелдин ауданы,
Аралбай ауылы

 

Реклама

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.

Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.