Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани БЕЙСЕМБАЕВ еліміздің түкпір-түкпірінен ұстаздардың басын қосты. Жиналыс барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, мұғалімдердің ұсыныс-пікірлеріне назар аударылды.
Ғани Бектайұлы мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру, білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, директорлар корпусының мәртебесін көтеру, сынып жетекшілігі институтын дамыту, авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды бекіту жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мектеп асханасы мен оқушылардың денсаулығын қадағалау сынды бірқатар бағыттарға тоқталды.
Кездесуге Қостанай облысынан арнайы қатысқан Рудный қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Нұрымжан Милақатов алқалы жиында көтерілген мәселелермен бөлісті.
– Әрине, білім саласында шешімін күткен сұрақтар бар. Ең бастысы – бұл мәселелер назардан тыс қалмай, жүйелі түрде қаралып, нақты қадамдар жасалып жатқаны қуантады. Білім беру жүйесіндегі жетістіктер – ұстаздардың, министрліктің және қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Ал кездесіп отырған қиындықтар – ортақ жауапкершілік. Сондықтан ауызбіршілікпен әрекет етіп, әр бастамада бірігіп жұмыс істеу аса маңызды, – дейді Нұрымжан Бәлдікұлы.
Жаңарған аттестация
Педагог мамандығы үздіксіз ізденісті талап етеді, сондықтан аттестациялау мұғалімнің кәсіби деңгейін бағалауда айрықша рөл атқаратыны белгілі. Министрдің айтуынша, педагогтерді қолдау мақсатында жаңа «Ұстаз» цифрлық платформасы іске қосылады. Аталмыш жүйе мұғалімдердің біліктілігін әділ әрі ашық бағалауға жағдай жасайды. Сонымен қатар зерттеушілер мен шебер педагогтер ПББ тестінен босатылып, олардың тәжірибесі мен ғылыми ізденістеріне ерекше мән берілмек. №514 бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, дене шынықтыру пәнін 9–11-сыныптарда ұлдар мен қыздар үшін бөлек жүргізу мәселесі де қарастырылуда. Бұл шешім оқушылардың жасы мен физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім беруге мүмкіндік береді.
Директорлар корпусы және ротация
Кездесуде мектеп басшылығының жұмысына қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Бұған дейін мектеп директорларының орынбасарлық санаты 3 жылмен шектелсе, енді ол мерзім 5 жылға ұзартылды. Алдағы жылдан бастап директорлық санат та дәл осындай тәртіппен 5 жылға ұзартылатын болады. Бұл қадам тәжірибелі басшылардың тұрақты жұмыс істеуіне, мектептің даму стратегиясын жүйелі жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау жұмысы жалғасады. Бұл әдіс басқару жүйесіндегі ашықтықты, әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұстаздар шығармашылығы
Педагогтердің шығармашылығын дамыту – білім сапасын арттырудың басты кепілі екені мәлім. Осы орайда авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды бекіту тәртібі де жеңілдетілді. Енді модераторлар мен сарапшылардың әдістемелік еңбектерін мектепішілік, аудандық немесе қалалық әдістемелік кеңесте бекіту жеткілікті. Зерттеушілердің авторлық бағдарламасы облыстық әдістемелік кеңесте қаралса, шебер педагогтердің бағдарламасын Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА талқылайды. Бұл өзгерістер педагогтердің кәсіби белсенділігін арттырып, жаңа идеяларды еркін ұсынуына жол ашады.
Сынып жетекшілерге қолдау
Ұстаздың тек пән үйретумен шектелмей, оқушының тұлға болып қалыптасуына бағыт беретін ең жауапты қызметі – сынып жетекшілігі. Министр бұл еңбектің лайықты бағалануы қажет екенін атап өтті. Алдағы уақытта аттестация кезінде сынып жетекшілеріне еңбек өтіліне қарай қосымша балл беріледі. Сондай-ақ сынып жетекшілігіне төленетін үстемеақыны Үкімет қарастыруда. Бұл бастама келесі жылы оң шешімін табады деген сенім бар.
Денсаулық мәселесі
Оқушылардың денсаулығы – білім сапасының кепілі. Сондықтан мектеп асханасының жұмысы қатаң бақылауға алынады. Жаңа талап бойынша мектеп медбикесі балаларды күн сайын тексеруі тиіс. Сонымен қатар Санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметі кез келген уақытта тексеріс жүргізе алады. Енді асханаларды қадағалау функциясы Денсаулық сақтау басқармасына беріліп отыр. Бұл – мектеп оқушыларының денсаулығын қорғауға бағытталған аса маңызды қадам.
Алдағы уақытта да еліміздің білім беру жүйесінде оң өзгерістердің жалғасатынына сенім мол. Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына және ұстаз мәртебесінің көтерілуіне бағытталған бастамалар ел дамуының маңызды тірегіне айналары сөзсіз.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.