Жуырда Арқалық қалалық «Жас Ұлан» балалар ұйымы штабының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептерінің Ұланбасылары арасында «Үздік Ұланбасы-2021» қалалық байқауы ұйымдастырылды.
Оқушылардың көшбасшылық әлеуетінің дамуын және көшбасшылық сапасының деңгейін анықтау, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қызметін насихаттауды көздеген байқауға ауыл-қала мектептерінен 16 үміткер қатысты. Байқау жалпы 4 кезең бойынша өткізілді. Әр кезеңнің қорытындысында үміткерлер 5 баллдық жүйемен бағаланды. І кезеңнің талабы бойынша қатысушы-үміткерлер өздерін таныстырса, ІІ кезеңде «Жас Ұлан» мектеп комитетінің 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстарынан құлағдар етті, келесі ІІІ кезеңде әр үміткерге «Жас Ұлан» ұйымына қатысты 2 сұрақтан қойылды. Ал IV кезеңде Ұланбасылар көрермендермен байланыс жасап, өздерінің көшбасшылық қабілеттерінің дәрежесін көрсетті.
Төрт кезең бойы үміткерлеріміздің өнерін мұқият қадағалап, бағалаған әділ қазылар алқасына жеңімпазды анықтап, орындарды бөлу қиынға соқты. Алайда, ортақ шешімге келіп, төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік. Тартысқа толы байқауда 16 үміткердің ішінен Родина орта мектебінің Ұланбасы – Лунара Еңбекші ІІІ орынды қанжығасына байласа, жүлделі ІІ орынға №3 Б.Майлин атындағы мектептің Ұланбасы – Айшабибі Қонысбаева ие болды. Ал І орынға ие болып, «Үздік Ұланбасы-2021» атағын №1 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің Ұланбасысы – Нұрбибі Сайлаубек жеңіп алды.
Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, Ұланбасыларды дайындап келген мектеп тәлімгерлеріне Алғыс хат берілді. Елімізде болып жатқан эпидемиялық ахуалға қарамастан байқауға белсене ат салысып, дайындалып келген барша қатысушылар мен тәлімгерлеріне алғыс білдіре отырып, жұмыстарына шығармашылық пен толағай табыс тілейміз.
Ақбота АЛДАМЖАРОВА,
қалалық «Жас Ұлан» балалар
ұйымы штаб төрайымы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.