Қостанай ауданының №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде Республика күніне орай және «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!» атты облыстық форумы өтті.
Мектептегі өзін-өзі басқарудың жас көшбасшыларының форумына мектеп парламенттерінің белсенділері, жас пікірсайысшылар, мектептің баспасөз қызметтерінің өкілдері мен экологиялық бастамала қатысушыларының қатарынан жүзге жуық адам жиналды. Білім алушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытында өңірімізде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 393 мектеп парламенті 43 мыңға жуық оқушыны, ал 33 студенттік парламент 5 мыңға жуық жасты біріктіреді. Өзін-өзі басқару қызметіне 47 мыңнан астам оқушы мен студент қатысып, өз бастамаларын жүзеге асыруға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алып отыр.
Тағылымға толы жиынның ашылуында сөз алған Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиев қатысушылар мен қонақтарды Республика күнімен құттықтап, «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында ұйымдастырылып отырған облыстық форумның мәні мен маңызына тоқталып, ауданда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды.
– Көшбасшы болу – тек топ бастау ғана емес, жауапкершілікті өз мойнына алу, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, заңды сақтау және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру. Қостанай ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазанның 1-індегі жағдай бойынша 270 профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 110 кездесу, 45 бірлескен рейд, 75 ата-аналар жиналысы мен профилактикалық әңгіме ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралармен 5500 оқушы қамтылды. Қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыруда мектеп оқушыларының белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі айрықша маңызды, – деді Олжас Жомартұлы.
Бір жыл бұрын №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде «Жас сақшы» сыныбы ашылып, 2020 жылы қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Дархан Базарбаевтың есімі берілген болатын. Форумда «Жас сақшы» үгіт бригадасының жастары «Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз, қауіпсіздікті қолдаймыз!» деген ұстанымдарын нық сеніммен жеткізіп, бұл қағидаттар күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын көрсете білді. Республикалық интенсивке қатысушылардың арасынан аталмыш форумға облысымыздан төрт спикер таңдап алыныпты. Солардың бірі – Амангелді ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ 10-сынып оқушысы Кәусар Оразбекқызы.
Кәусар Оразбекқызы
– «Заң мен тәртіп» – әрбір адамның құқығын қорғауға, өз құқықтарын білуге және өзгелердің құқығын құрметтеуге негізделген маңызды қағидат. Сонымен қатар ол әділ шешім қабылдауды, әділетсіздікке бейжай қарамай, оған қарсы тұруды талап етеді. Форум аясында «Заң мен тәртіп» идеологиясының мәні мен маңызын кеңінен түсіндіріп, осы бағыттағы өз ой-пікіріммен бөлісуді жоспарлап отырмын. Сондай-ақ республикалық интенсивте көшбасшылық және өзін-өзі басқару бағытында жинақтаған тәжірибемізді ортаға саламыз. Жас көшбасшыларды шығармашылық және танымдық іс-шаралар күтіп тұр, – дейді ол.
Форум бағдарламасына шығармашылық қойылымдар, шақырылған сарапшылармен кездесу, тәжірибе алмасу және пікірталастар, интерактивті сессиялар мен викториналардан тұратын білім беру алаңдары енгізілген. Жастар мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынып, алдағы жұмыс бағдарын айқындауға мүмкіндік алды. Осылайша, бұл – ашық пікір алмасып, жаңа таныстықтар мен пайдалы бастамаларға жол ашқан маңызды алаңға айналмақ.
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.