Смартфонға тәуелділік және оның салдарын Ы.Алтынсарин атындағы Обаған ОМ 9-сынып оқушысы Альмира Қасқырбаева зерттеп, республикалық ғылыми жобалар байқауының облықтық кезеңіне қатысып, 3-орын алды.

Альмираны «Смартфон дисплейінің жасөспірімдердің көру қабілетіне әсері» сұрағының толғандырған себебі – өзінің бойында осы смартфондарды жиі қолдану әсерінен көзінің көру қабілетінің нашарлауы. Бұл көз ақауы медицинада жақыннан көргіштік, яғни миопия деп аталады. Дүниежүзінде әрбір үшінші адам миопиямен ауырады екен. Миопияның саны жыл сайын 5%-ға артып отыр және кейде мүгедектікке әкеп соқтыратын бірден-бір себеп болып жататынын ескерсек, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.
Жобаны дайындау барысында Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебінің 7-9 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Оған 36 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша 14 оқушының, яғни 39 пайызының көру деңгейі төмен екендігі, ал олардың 13-інің алыстан көрмейтіні анықталды. Ғаламтор мен әдебиеттер тізімінен тақырыпқа қатысты ақпараттар жинақтап, көру қабілетін сақтау туралы жадынама әзірленді.
Альмира көз құрылысы туралы мәліметтерді жинақтап, жасөспірімдердегі көру қабілетінің бұзылу себептерін анықтап, көз кемістігін түзетуде көзілдіріктің алатын рөлін қарастырды. Оның аясында Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасына барып, офтальмолог-дәрігері Сәуле Сеилованың қабылдауында болды. Медициналық сараптаманың нәтижесі талданып, смартфонды пайдалану барысында көз ақауларын болдырмау жолдарын қарастырды.
Болашақ жастардың дені сау, техника тілін меңгерген, білімді болуы керек. Алайда, қолына смартфон ұстағандардың екінің бірі миопия ауруымен ауырса, бұл қуанарлық жағдай емес. Қазіргі цифрлық технология дамыған заманда смартфоннан толық қол үзу мүмкін емес, дегенмен оны дұрыс пайдалануды үйрену керек.
Әйгерім АНУАРБЕКОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ОМ физика-
математика пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.