Жақсылық пен игілікте шектеу жоқ

Выпуск - №35 (431)   :   04.09.2020
310

Елбасының мектеп оқушыларының толық мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі бұйрығын орындау мақсатында мектебімізде жылдар бойы «Мектепке жол» атты республикалық акциясы жалғасын тауып келеді.

Аталған акцияның мақсаты – оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша қыркүйектің 1-і күні мектепке балалардың келмеуінің алдын алу. Аталған акция тамыз айының 1-інен бастап 30-ына дейін жалғасады. Жаңа оқу жылы қарсаңында осы материалдық қолдау барлық мұқтаж жандарға зор көмек болары сөзсіз. Көмектің қай түрі болмасын мектеп құралдары, киім-кешек, кеңсе тауарлары, азық-түлік, басқа да оқушы бұйымдары оқушыларды жаңа оқу жылына даярлауға көмек болары сөзсіз.
Қостанай ауданына қарасты Жданов селолық округінің әкімдігімен бірлесе өткен акцияға аймақтық кәсіпкер азаматтар үнемі ат салысып, бірнеше оқушылардың жүзіне күлкі сыйлады. Осы тұста орарды атап өтсек: «Нұр Терек» ЖШС, «Бройлерная птицефабрика» ЖШС, «Бэлд Сервис» ЖШС, «Степаненко В.Н» ЖШС, «Позняков Е.В» ЖШС, «Надеждинка» ЖШС, «Абдибеков» ЖШС. Жоғарыда аталған кәсіпкер азаматтар «Мектепке жол» акциясынан басқа қандай да бір іс-шаралар өткізу немесе жөндеу барысында қаржылай көмектерін аяған емес. Мектеп ұжымының атынан кәсіптің тізгінін ұстаған азаматтарға алғысымды білдіремін.

Айнұр БАЛЕСОВА,
Жданов ОМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары,
Қостанай ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.