Еріктілік қызмет аясында Айсары жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ауылда тұратын қарт адамға көмек көрсетті. Қыс мезгілінде қалың қар жауып, жүріп-тұру мен тұрмыстық шаруаларды атқару қиындайтын кезеңде мұндай қолдаудың маңызы ерекше.
Айсары жалпы білім беретін мектебінің еріктілер тобы Бибарыс Жарасланұлы, Диана Фазыл, Рауан Умаров, Алтын Сәт, Гүлімжан Мусаева, Гүлназ Төлемісова, Санжар Қайдар, Рамазан Молдаш және Камила Ибраш сынды оқушылардан құралған. Олар ауыл тұрғыны Тілеужамал әженің үйіне барып, кіреберіс жолды, шаруашылық құрылыстарына апаратын соқпақтарды, сондай-ақ есік алдындағы аумақты қардан тазалады. Осылайша белсенді жастарымыз бірлесе еңбек етіп, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың, үлкенге деген шынайы қамқорлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Өз кезегінде Тілеужамал әже көрсетілген көмек, ықылас пен мейірімділік үшін оқушыларға шынайы алғысын білдіріп, батасын берді. Мұндай игі істер көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп қана қоймай, оқушылардың бойында мейірімділік, қарттарға құрмет және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Айсары жалпы білім беретін мектебі оқушыларының еріктілік қызметі алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауылда өзара көмек пен игі істер дәстүрін нығайта түспек.
Саркын АБЕНОВА,
Айсары жалпы білім
беретін мектебінің
еріктілер тобының жетекшісі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.