Жақсылыққа тағзым

Выпуск - №9(606)   :   08.03.2024
515

Қостанай қаласындағы «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №6 орта мектеп оқушыларымен Алғыс айту күніне арналған «Жақсылыққа тағзым» атты мейірімділік эстафетасын өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар мерекенің тарихы, Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы мағлұматтарды біліп қана қоймай, ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді атсалысты. Балалар станциялар бойынша өткізілген «Дене шынықтыру», «Әзіл-оспақ», «Шешіп көр!» атты сайыстарда ептілікпен жарысып, командада жұмыс істеу қабілеттерін шеберлікпен көрсете білді.
Іс-шара соңында кітапханашы Алғыс айту күні – ең алдымен бейбітшілік пен келісім күні екенін, соның арқасында Қазақстанда бейбітшілікпен құрмет орнағанын атап өтті. Қатысушылардың арасында белсенділік танытып, ерекше көзге түскен топ естелік сыйлықтармен марапатталды.

Гүлбахыт ИСАГУЛОВА,
«Западный» кітапхана-филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.