«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай №10 ЖББ мектебінде жас оқушы ақындардың қатысуымен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты өңірлік айтыс өтті.
.jpg)
Айтыстың негізгі мақсаты – ұлы ұстаз, көрнекті ғалым, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығын, ақыл мен нақылға толы ғибратты сөздерін насихаттау, жас дарынды ақындарды қолдау. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан айтыс өнерін қастерлейтін қала тұрғындары игілікті шарадан қалыс қалмады. Жас айтыскерлердің өнеріне қолдау көрсетіп, рухани ләззат алды. Әсем безендірілген зал, ұлттық киім киген оқушылар, асқақтаған ән, күмбірлеген күй көрермендерді бірден баурап алды.
Жалпы, өнердің ішінде айтыстың орны ерекше. Себебі сөз өнері – қиялдың жүйріктігін, ойдың ұшқырлығын, тіл байлығын, халқымыздың тарихын терең білуді қажет ететін киелі өнер. Осы қасиеттер жас ақындарымыздың бойынан да табылып, сахна төрі мәуелі жырға бөленді. Ұлы тұлғаның Алаш жұртына атқарған еңбегін, шығармашылығын насихаттаған айшықты теңеулер жас ақын Қарақат Ерланқызының жыр шумақтарында көрініс тауып жатты. «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, жыр додасы болған соң, жеңімпаз ақынның да болатыны ақиқат.
.jpg)
Бұл жолы ұйымдастырылған айтыстың ерекшелігі – ұмытылып бара жатқан көне айтыстың түрі – Құлмамбет айтысының болуы. Құлмамбет айтысы бөлімі жыр додасында суырылып оза шапқан жүйріктердің көмбеге қайсысы бұрын жеткенін анықтап берді. Осылайша әділ қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 гимназия оқушысы Жолдасбек Анарбеков жеңіп алды. 1-орынды Қостанай қаласындағы Ә.Бөкейханов атындағы ЖББ мектеп оқушысы Ғанимат Нағашыбай, 2-орынды Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 гимназия оқушысы Қарақат Сәбитбек, 3-орынды Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББ мектебінің оқушысы Нұрсая Әбдіқалық қанжығасына байлады.
Ал С.Мәуленов атындағы гимназия оқушысы Елімай Ыдырыш «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Және жас ақындар айтысына қатысқан барлық оқушыларға Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Әділханқызының марапаты мен бағалы сыйлықтары табысталды.
Ермек ИМАНКУЛОВ
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.