Жас блогерлер бас қосты

Выпуск - №10(507)   :   11.03.2022
588

Арқалық қаласындағы «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында «Bloggers» блогерлер отауы және «Денсаулық айнасы» үйірмелерінің ұйымдастыруымен қаламыздағы үздік блогерлермен «My Insta world» атты кездесу өтті.

Кездесу аясында әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын оқушыларға жеткізу, қаламыздың үздік блогерлерімен ой бөлісу, әлеуметтік желілерді дұрыс мақсатта қолдануды түсіндіру мақсаты назарға алынды. Кездесу барысында қаламыздың үздік блогерлері Раушан Бауыржанқызы және Динара Ғалымжанқызы қонақта болып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Ең алдымен, блогерлік туралы жалпы түсінік беріліп, артынша оқушыларымыздың блогерлеріміз жайлы дайындаған қызықты бейнероликтерін тамашаладық. Ал басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөліскен блогерлер, оқушылардың жүзіне күлкі сыйлай білді. Олар блогер болу – жауапкершілігі мол іс екенін, сонымен қоса жаһандану заманындағы жастардың заманға сай болуына үздіксіз білімнің қажет екендігін нақтылап берді. Одан бөлек блогер қонақтарымыз еңбек пен білім ғана жоғары нәтиже беретіндігін тілге тиек етті.

Динара ханым шыдамдылық пен табандылықты қажет ететін және табыс тапқысы келетін жастарға қазіргі заманда мүмкіндік көп екендігін айтса, Раушан ханым өз сөзінде кез келген негативке қарсы тұра білу керектігін, алға қойған мақсатыңа еш нәрсеге қарамастан жету керектігін нақтылай түсті. Кездесу барысында оқушылар көкейіндегі сұрақтарға жауап алып, қызықты ойындар ойнатылды. Жоғары деңгейде, еркін әңгімелесу форматында ұйымдастырылған басқосу көңілді нотада аяқталды.


Жансая ЕСІМХАНОВА,
«Жас-Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығы
«Bloggers» отауының жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.