Оқушыларға мамандық таңдауда көмектесу мақсатында «AI-профориентолог» жобасы іске қосылды. Жобаның тұсаукесері қаламыздағы С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияда өтіп, тестілеуге қатысқан оқушылар мен мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланды.
Жобаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де өткен жылдың қыркүйек айында ашылған Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі жүзеге асырған. Қалыбек Мәуленов жетекшілік ететін бөлім жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім беру үдерісіне арналған тиімді әрі қолжетімді бағдарламалар әзірлеуді көздейді. Соның бір дәлелі – кәсіби бағдар беруге арналған «AI-профориентолог» жобасы.
Жобаның негізіне психологияда кеңінен қолданылып жүрген, ғылыми тұрғыда дәлелденген кәсіби бағдар беру тесттері енгізілген. Олар жасанды интеллект мүмкіндіктерімен ұштастырылып, оқушының жеке қабілеті мен бейімділігін кешенді түрде анықтауға мүмкіндік береді. Аталған бағдарламада бес түрлі кәсіби-психологиялық тест қамтылған. Атап айтқанда, тұлғаның кәсіби қызығушылығын айқындайтын Климов тесті, кәсіби тип пен еңбекке бейімділікті анықтайтын Холланд тесті, қызығушылық картасы және мансаптық құндылықтар мен «мансаптық тіректерді» анықтауға арналған сауалнамалар бар.
Тесттердің әрқайсысындағы сұрақ саны әртүрлі болғанымен, толық диагностикадан өтуге орта есеппен 30-60 минут уақыт кетеді. Барлық жауаптар жасанды интеллект арқылы өңделіп, бірнеше секунд ішінде құрылымдалған қорытынды ұсынылады. Нәтижесінде оқушы өзінің тұлғалық типін, мықты қырларын, қызығушылықтарын және болашақта сәйкес келетін мамандық бағыттарын анық көре алады. Бағдарлама барлық қолданушыға қолжетімді болғанымен, қазіргі таңда негізгі назар 10–11-сынып оқушыларына аударылып отыр.
– Қостанай өңірлік университетімен жасалған меморандум аясында «AI-профориентолог» чат-ботын мектепте қолдана бастадық. Бұл – оқушының қызығушылығын, қабілетін және мансаптық бағытын анықтауға көмектесетін тиімді құрал. Ең бастысы – нәтиже тез әрі тегін беріледі, – дейді С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі кәсіптік бағдар беруші Меруерт Қайырбекова.
Жоба Telegram чат-бот форматында жасалған. Бұл оқушылар үшін ыңғайлы, қолжетімді және психологиялық тұрғыдан жайлы. Оқушы еш қысылмай, өз бетімен тесттен өтіп, барынша шынайы жауап бере алады.
– Бұл чат-бот қазіргі заман талабына сай. Көптеген оқушылар болашақта қандай мамандықты таңдау керегін білмей жатады. Ал бұл тест менің ойымды жинақтап, нақты бағыт берді. Үйден шықпай-ақ, телефон арқылы өтуге болатыны да өте ыңғайлы, – дейді білім ордасының 10-сынып оқушысы Айым Кежеғали.
Алдағы уақытта жоба аясында чат-ботқа қосымша психологиялық және әлеуметтік тесттерді енгізу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай цифрлық шешімдер оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына елеулі ықпал етеді.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика Мамандығының
4-курс студенттері
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.