Шолақсай мектебінде Науырзым ауданының Түркебай мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәлікпен тағылымға толы жүздесу өтті. Салиқалы әңгімесі барысында ол оқушыларға діннің асыл құндылықтары, білім алудың пайдасы жайында егжей-тегжейлі баяндады.

Нақтырақ айтсақ, ислам дініндегі парыз туралы айтып, жамандықтан жиренуге, жақсылыққа жақын болуға шақырды. Сөз алған Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі әдіскері Гүлжамал Айтбаева: «Тұманы қалың жаһандану қоғамында ішкі-сыртқы сақтығымызды қадағалау бүгінгінің өзекті мәселесі. «Жау жоқ деме жар астында деген» атам қазақ. Бұл күндері елімізге алаңдатарлықтай қауіп төндіріп отырған «Экстремизм» деген сыртқы күш бар. Түсінікті айтар болсақ, елге ылаң салушы. Оның мақсаты сырттан келіп, іштен ірітіп, елдің берекесін қашырып, қоғамды жаулап алуға бағытталған. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Сол себептен, құрметті оқушылар, сіздермен кездесе отырып, осы тақырып жөнінде білімдеріңізді толықтырғымыз келді. Қашан да амандықтарың керек», – деп сөзін аяқтады.
Иә, ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтаған жөн. «Жастар және дін» тақырыбында мектеп оқушыларымен кездесудің тәрбиелік мәні зор екені сөзсіз. Кездесуде аудан имамы бүгінде белең алып бара жатқан жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан бойларын аулақ ұстауға үндеді. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.
Бүгінде діни экстремизм дүниежүзі бойынша күрмеуі қиын әрі өткір мәселеге айналып отыр. Діннің атын жамылып, ұлттар мен діндер арасына от салудың нәтижесі үлкен қақтығыстарға алып келері анық. Әсіресе, ислам дінінің негізін дұрыс түсінбеген жастар жат ағымдардың жетегіне еріп, теріс жолға түсіп жатады. Есет Сейтқалиұлы өз сөзінде:
– Экстремизмге карсы мемлекетіміз үлкен қаржылық, әкімшілік және ақпарат ресурстарын тез әрі жедел түрде жұмылдыра білді. Діни теріс ағымдар өзінің құрамын көбейту мақсатында нысанаға жастарды көздейтіні мәлім. Оған бірқатар әлеуметтік себептер де бар: жастар арасындағы діни сауатсыздық, білімсіздік, жұмыссыздық. Сондай-ақ жастардың негізгі ақпарат көзі болып табылатын ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі экстремистік бағыттағы ақпараттардың кең таралуы, – дей келе жастар арасындағы шешімін таппаған өзекті мәселелер экстремистердің басты қаруына айналып отырғандығына тоқталды.
Дін өкілінің айтуынша, діни экстремизмге қарсы құрал – ғасырлар қойнауынан келе жатқан халықтың өзінің төл рухани құндылықтары мен дәстүрлі исламның негізгі қағидалары.
– Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз «Баланы жастан» деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық салт-дәстүрде тәрбиелеп, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген. Сонымен қоса балалар, сендердің ең басты міндеттерің – отбасындағы әке-ана құрметін білу, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Қазақта «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды» деген сөз бар. Сондықтан қай жерде жүрсеңдер де сыйлы болуларың керек. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық, ең алдымен, басқаларды түсіне білуден басталады. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болу да парыз. Адал адам – сенімді адам. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айтпау да қажет. Сөзің де, өзің де сыпайы болуы тиіс. Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өздеріңді қашық ұстауға тырысыңдар, – деп ойын қортындылады.
Жастарды теріс діни ағымнан бойларын аулақ ұстау, оларды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған келелі кездесу соныңда аудан имамы жастардың білім алу жолына жеміс тілеп, қоштасты. Бәріміз де қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей ат салысуымыз міндет. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын десек, ұрпағымыздың да текті болуына назар аударайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Аслан БАЙДУЛЕТОВ,
Шолақсай ЖББМ
Науырзым ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.