Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
25/10/26 Воскресенье

Жастар және «Жасыл ел»

Выпуск - №28-29 (475-476)   :   14.08.2021
596

Жастарды жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. Амангелді ауданында бұл бағдарлама арқылы 16-29 жас аралығындағы жастар уақытша жұмыспен қамтылуда.

«Жасыл ел» бағдарламасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама. Жылдан жылға «Жасыл ел» жасағына келуші жастар көбейіп келеді.

Жастарға экологиялық білім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриоттыққа, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. «Жасыл елдің» бірыңғай формасын киіп, жұмыс істеу жас өрендерді ұйымшылдықпен еңбектенуге жетелейді. Күннің аптап ыстығына қарамастан, жастардың жұмыс істеуге ынтасы зор. Уақытында жұмысқа келіп, өздеріне берілген тапсырманы дер кезінде орындайды. Араларында, тіпті үшінші, төртінші жыл қатарынан еңбек етіп жүрген жастар да бар.

Жастар ресурстық орталығының қызметкері Айдана Қайыржанованың айтуынша, қазіргі таңда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 120 бала жұмыспен қамтылған. Жастар жасағы тамыздың бірінде үшінші еңбек семестрін бастады. Өткізілетін түрлі шараларға да ат салысып келеді. Жалпы Республика көлемінде ұйымдастырылған «Киелі табиғат» жобасы аясында 1 мамыр күні экологиялық Плоггинг өткізілді. Плоггинг дегеніміз жүгіру немесе серуендеу барысында, оның қатысушыларының аумақты тазартуына негізделген. Бұл жай ғана ойын-сауық немесе белсенділік түрі болғанмен, маңызды мен пайдасы жоғары. Қозғалысқа қосылу арқылы өзіңіздің фитнесіңізді жақсартып қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға да септігіңізді тигізіп, табиғатқа көмектесе аласыз. Бұл игі іс жастардың қоршаған ортаның ластану проблемасына назар аударуға көмектеседі.

– Бүгінгі заманның талабына сай, өркениеттің дамуына байланысты табиғат анамызға келіп-кетер залалдардың аз емес екені баршамызға мәлім. Осыған орай апта сайын жаһандық проблемаларды шешуде облыс көлемінде экологиялық шаралар өткізілуде. Ал осы шараларға белсене қатысушылардың бірі – «Жасыл ел» еңбек жасақтары. Үстіміздегі жылдың шілде айында өткен «Жаңа дәуірдің жаңа Астанасы» атты мерекелік іс-шараға ат салысты. Сондай-ақ семинар-тренингтерге белсене ат салысып келеді. Ауданымызда бастау алған «Ардагерлерді ардақтайық» атты акцияны жалғастырып, ардагерлердің хал-жағдайын білу, үй тұрмысына көмектесу мақсатында қарияларға қолғабыс жасады, – деп атап өтті өз сөзінде Айдана Қайыржанова.

Жастар – еліміздің келешегі әрі қоғамның айнасы іспеттес. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақ қоғамның қандай болатынын болжай аламыз. Сондықтан да жастардың қызығушылығын қоғам назарына бұруы, олардың қоғам тынысына белсене араласқаны қуантады. «Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел. Олай дейтініміз – студенттер, оқушылар бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға ат салысса, екіншіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізеді.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

2 дня назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

3 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

3 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

3 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

3 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.