Қостанайдағы НЗМ оқушылары Нұрдәулет Игенов, Нұрай Ержан, Әмірәлі Избаир химия пәнінің мұғалімі Гүлмира Конспаеваның жетекшілігімен CaspianStart-Up 2024 республикалық байқауының финалына қатысты.
Кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға, стартап жобаларды әдістемелік қолдау мен ынталандыруға бағытталған байқау Ақтау қаласындағы НЗМ-де өтті. Биыл байқаудың бағыты: «Экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық идеялары» болды, сондықтан біздің команда жұмысының басты мақсаты – қалдықтарды азайту және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу.
– Біздің жоба бүліне бастаған көкөністер мен жемістерді сатуға бағытталған. Сонымен қатар, осы өнімдерден органикалық компост өндірумен айналысамыз. Осылайша, тамақ қалдықтарын азайтуға көмектесеміз және химиялық тыңайтқыштарға экологиялық таза балама жасаймыз, – дейді қатысушылар өздерінің стартаптары туралы.
Байқау қорытындысы бойынша Нұрдәулет, Нұрай және Әмірәлі Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға 100% білім грантын жеңіп алды.
Қостанайдағы ФМБ НЗМ баспасөз қызметі
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.