Мектептегі жасөспірімдермен кездесу және профилактикалық әңгімелер өткізу – білім ордасы, Ардагерлер ұйымы және полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысының маңызды бөлігі.
Осы орайда, құқық бұзушылық пен кәмелетке толмағандар арасында жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Арқалық қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінде құқық айлығы аясында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Ардагерлер ұйымының мүшелері Максут Рахилин, Қажымұханбет Әбдікұлы, Арқалық өңірлік архивінің басшысы Сағидолла Байкенжин және Арқалық қаласы Полиция басқармасынан Азамат Камалиев қатысты. «Нашақорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбы аясында 9–11-сынып оқушылары арасында өткен кездесуде мамандар құқықбұзушылық кодексінің баптарымен, «ҚР-дағы баланың құқықтары туралы» Заңдармен таныстырды.
Полиция инспекторы оқушыларға жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың себептері мен олардың салдарлары туралы айтып, заң алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, темекі тарту, ішімдік ішу және нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зиянына тоқталып, оқушыларға қауіпсіздікті сақтау мен дұрыс қарым-қатынас жасаудың маңыздылығы жөнінде кеңестер берді. Кездесу барысында балаларға жолда жүру ережелері, мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Мамандар мектеп оқушыларына ішімдік пен темекінің зиянын еске салып, олардың зиянды жақтарын түсіндіре кетті. Мамандардың әңгімесін жастар зор ықыласпен тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында қонақтар оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, ақ баталарын берді. Бұл кездесу жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, олардың саламатты өмір салтын ұстануына, тәртіпті сақтауына үлкен үлес қосты. Алдағы уақытта да осындай профилактикалық шаралар жүйелі түрде өткізілетін болады.
Батырхан КАРАШИНОВ,
№10 ЖББМ мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.