Қостанайда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жас қолдаушы» жастар форумы өтті. Заң мен тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік тақырыптарын арқау еткен басқосу өскелең ұрпаққа ой салып, азаматтық жауапкершілік туралы толғануға мүмкіндік берді.
Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, облыстық прокуратура өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қауымы қатысты. Ашық форматтағы кездесуде бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, заңға құрметпен қараудың маңызы баса айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және алдын алу шараларын күшейту.
Форум барысында өңір басшысы соңғы жылдары тіркелген құқықбұзушылық статистикасына назар аударды. Бұл көрсеткіштердің қоғам үшін алаңдатарлық екенін атап өткен ол, жастармен жиі кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Өйткені заң мен тәртіп әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады. Құқық қорғау органдарының ең басты мақсаты – жазалау емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құқықбұзушылықтың алдын алу. Осы ретте жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына осындай кездесулердің ықпалы зор.
Кездесудің ерекше атмосферасын қазақстандық «Патруль» телесериалы арқылы көпшілікке танылған актёрлер Медет Аманбаев пен Еділ Анарбай жандандыра түсті. Танымал қонақтар залға жиналған мыңға жуық мектеп оқушысы, студенттер мен академия курсанттарымен еркін форматта тілдесіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. «Форум барысында жастар тақырыбы кеңінен қозғалды. Атап айтсақ, жас буын мен үлкендер арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ жастар ортасындағы әлеуметтік мәселелер сөз болды. Әрине, біз бұл тақырыптарды әзіл мен ирония арқылы жеткізуге тырыстық, – деді актёр Еділ Анарбай.
Форум қатысушылары да кездесудің мазмұнды әрі пайдалы болғанын атап өтті. Студент Саид Ахметжан жастар арасындағы заңбұзушылық мәселесіне, мұндай жиындардың маңызына ерекше тоқталды. – «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөз бар. Ел қашан дамиды? Жастар өзін-өзі дамытып, ішкі жан дүниесін жетілдіргенде ғана мемлекет те алға басады. Мұндай форумдар жиі өткізілуі керек. Қазір жастар арасында түрлі құқықбұзушылықтар кездеседі. Егер осындай форматтағы кездесулер өткізіліп тұрса, ондай жағдайлардың саны азаяр еді. Актёрлерді көргеніме қатты қуандым. Бұрын оларды тек экраннан ғана көретінмін, арманым орындалды, – дейді ол.
Соңғы жылдары Қостанай облысында жастарды қолдауға бағытталған жобалардың саны артып келеді. Өңірде жаңа білім беру ұйымдары мен спорт нысандары салынып, «Қостанай жастары» бағдарламасы арқылы жүздеген жас отбасы баспаналы болды. Ал «Жас қолдаушы» форумы – жастарға бағыт-бағдар беріп, заң мен тәртіптің маңызын түсіндіруге бағытталған алаң. Себебі саналы да жауапкершілікті ұрпақ – ел болашағының берік негізі.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика
мамандығының 3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.