Балалар мен ата-аналар үшін жылдың ең қысқа және асыға күткен уақыты – жаз мезгілі. Мүмкіндік барда, бәрін жасағың келеді: серуендеу, шомылу, велосипед тебу және қыста ешқашан уақыт жетпейтін басқа да қызықты істермен айналысу.
Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән-тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгілі балалардың сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт адамның дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу-шындалу мәселесімен қатар түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Яғни, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең. Сондықтан жаз – балалардың шығармашылық әлеуетінің артып, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу, ойға алған жоспарларын жүзеге асыру, жаңа күш жинау әрі денсаулығын нығайту кезеңі.
Жаз балаларға өзінің сан түрлі қабілеттерін жетілдіріп, оны көрсете білуге мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасу бағытында пайдалану керек. Алайда ұзақ жазғы демалыс уақытында жарақаттанып қалмау, ауру жұқтырмау үшін бірқатар қауіпсіздік ережелерін барынша сақтай білу керек. Әрине, баланың физикалық мүмкіндіктерінің артуы, олардың қызығушылығы жоғарылауымен және еркіндікке деген ұмтылысымен бірге қауіпті жағдайлардың пайда болуы да заңды.
Балалар жарақаттануының алдын алу – заманымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі. Ересектер жеткіншектің өмірі мен денсаулығына жауап береді. Сол себепті, ең алдымен, ата-аналар жазғы кезеңде балалардың өміріне қауіпсіз жағдай жасауы керек. Ең маңызды деген бірнеше ережелерге тоқталып өтейік.
Судағы қауіпсіздік
Суда жүзу, шомылу барысында бекітілген ережелерді ескерген абзал, оны балалар да білуі қажет. Біріншіден, жүзуге тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды. Қалқымалар мен шектеулерден ары қарай жүзбеңіз, түбі белгісіз жерлерде суға секірмеңіз. Қауіпсіздіктің басты шарты – ересектермен бірге жүзу. Балаға неге бейтаныс жерде, әсіресе, басқа демалушылар жоқ жерде шомылмау керектігін түсіндіру қажет. Су түбінде қауіпті заттар болуы мүмкін: діңгектер, бұтақтар, шыны сынықтары, темір-терсек және терең шұңқырлар.
Ашық терезелер
Жыл сайын жаз маусымында терезеден құлаған балалардың қаза болуы жиі тіркеледі. Әдетте, құлаудың барлық жағдайында балалар әртүрлі жиһаздарды тіреуіш ретінде пайдаланып, терезеге өздігінен көтеріліп, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап жатады. Сонымен қатар құлаудың көпшілігі балалардың мінез-құлқын бақылауының болмауынан, терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының алаңсыздығынан, терезелерде блокаторлар немесе терезе тұтқалары-құлыптардың болмауынан, жиһаздың дұрыс орналаспауынан туындайды.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт кез келген жерде және мүлдем күтпеген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан оған дайын болған абзал. Есте сақтау керек ең басты қағида – сіріңке үй шаруасында қажет, бірақ ойын үшін емес. Тіпті, кішкентай ұшқын кез келген жерде, көшеде де үлкен қиындыққа әкелуі мүмкін. Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз:
* Сіріңкемен ойнама, от жағуға болмайды.
* Егер ересектер үйде болмаса, электр құрылғыларын қоспа.
* Пештің немесе каминнің есігін ашпа.
* Ешқашан өрт кезінде, төсек астында, шкафта да жасырынбаңыз.
* Өрт кезінде 101, 112 нөміріне қоңырау шал (мекенжайыңды, телефоныңды, фамилияңды ата және не жанып жатқанын айт).
Жол қозғалысының негізгі ережелері
1. Жолдың кез келген тұсынан өте алмайсыз (тек жолақтан немесе жерасты өткелі арқылы жасыл жарыққа дейін). Бұл жағдайда да алдымен солға, содан кейін оңға қарау керек.
2. Жүргізуші баланы көрсе де, көлікті бірден тежей алмайды. «Тежеу жолы» ұғымы бар. Сондықтан ешбір жағдайда қозғалатын көліктің алдында жолға шығуға болмайды.
3. Жаяу жүргіншілер үшін тротуар жасалды. Егер тротуар болмаса, жол жиегіндегі көлік қозғалысына қарсы жүру керек.
4. Автобусты артқы жағынан, трамвайды алдыңғы жағынан айналып өту керек. Бұған дейін сіз айналаңызға қарауыңыз керек. Көлік күткен кезде тротуардың шетіне жақындауға болмайды. Сіз тек толық тоқтаған көлікке кіре аласыз. Автобус салонында тұрып, тұтқаларды мықтап ұстау керек.
5. Егер нәресте велосипедті үйреніп жатса, сіз тек велосипед жолдарында немесе ата-анасы мақұлдаған жерлерде жүре алатыныңызды біліңіз. Бұл жағдайда сіз оң жақта болуыңыз керек. Балаңызға негізгі жол белгілерін көрсетіңіз.
Жалпы балалар қауымы ересектерді, әсіресе, өзіне өте қатты сенетін ата-аналарды көшіруге бейім. Егер баланың көз алдында жол ережесін бұзсаңыз, тіпті оған «мұны істеудің қажеті жоқ» деп ескертсеңіз, ол ережелерді шартты деп санайтынына таңғалмаңыз. Сондықтан мұқият болыңыз және балаңызбен жолдың кез келген тұсынан өтпеңіз. Тіпті, қатты асығыс болсаңыз да. Бағдаршамның белгісіне өте мұқият қараңыз. Осылайша үйге бара жатқан жолда, мысалы, балабақшадан үйге қайтарда балаңызға тротуар, «зебра» деген не, бағдаршам қалай жұмыс істейтінін түсіндіре аласыз.
Кейбір бала жазғы демалысын түрлі ізденулермен болашағына пайдалы болатындай нәрселерді меңгеріп, үйреніп мәнді өткізсе,өкінішке орай, кейбірі текке өткізіп алады. Ал, бұлардың бәріне мән беріп, қадағалап отырар болсаңыз, оң нәтижесін берері белгілі. Балаңыз жазғы демалысты тек демалу, ойнау, қыдыру үшін асыға күтеді деп ойламаңыз, сонымен қатар, ата-анасымен әңгіме айтып, қасында көбірек болуды қалайды. Сондықтан да мейілінше балаға көңіл бөліп, бос уақыттарыңызды бірге өткізуге тырысыңыз.
Асыл УРАЛБАЕВА,
№9 б\б меңгерушісі,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.