Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет

Выпуск - №000(000)   :   29.12.2023
867

Қоғамның дамуына тежеу болатын, болашаққа кесірін тигізетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Қостанай қаласындағы №9 бөбекжай-бақшасында «Қоғамға қауіпті кесел – сыбайлас жемқорлық» атты құқықтық жиналыс ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Жиында қозғалған мәселелер қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысы жоқ екені дәлелденген. Ақпараттық бағыттағы іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіні туралы да нақты айтылды. Сол себепті де еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін барлық амалдарды қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамыздың азаматтық борышымыз және адамгершілік міндетіміз деп білуіміз Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Яғни, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.

Парақорлық – мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғам дертімен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.


Айгүл АТЫМТАЕВА,
Балым ШУНГУЛОВА,
№9 б/б тәрбиешілері,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.