Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы және «Социум & Я» ресурстық орталығы жемқорлыққа қарсы іс-шара өткізгені баршамызға аян. Осындай шаралардың бірі – «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында бейнебайқау сайысы.

Заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық мәселесі. Дамушы елдердегідей, сыбайлас жемқорлық жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да ҚР-ның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресуге негізделген.
Өскелең ұрпақтың оған қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамытуды көздеген облыстық шараның негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық сауаттылықты көтеру және балаларға жемқорлықтың салдарын түсіндіру болып табылады. Іс-шара барысында облыс бойынша жиырма жеті колледж қатынасып, нәтижесінде Арқалық қаласынан Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі 2-орынға ие болды.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға негізделген. Аталмыш құжаттың 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері нақты көрсетілген. Мұның барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Бұқара көпшілік тарапынан бұл мәселенің көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда нәтиже де болмақ.
Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжінің
жастар ісі жөніндегі
комитет төрағасы,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.